Жаңалықтар

Айнұр Қасенованың шеберлік сағаты өтеді

14.11.2013

15 қараша сағат14.00-дежурналистика факультетінің ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының «Пиар мектебі» студенттік ғылыми үйірмесі Брюссель ашық университетінің, «Политология, Ақпарат және Коммуникация» мектебінің (Монс, Бельгия) түлегі, Қазақстаннның Бельгиядағы елшілігінде қызмет атқарған, «Капитал» журналының журналисі Айнұр Қасенованың шеберлік сағатына шақырады.

Ары қарай оқу >>

Хабарландыру!

14.11.2013

15 қарашада сағат 11.00-де физика-техникалық факультеттің № 330 конференц-залында «Физика және технология: Заманауи күйі және болашағы» атты теориялық және ядролық физика кафедрасының профессоры Ғинаят Жұмабайұлы Мырзағалиевтың 80 жылдығына арналған халықаралық жұмыс жиынының ашылу салтанаты өткізіледі.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да әкімшілік құқық бойынша халықаралық конференция өтеді

14.11.2013

15 қараша (сағат 9:30-да, 15-қабат, ректорат) Алматыда әкімшілік құқық бойынша ТМД және Еуропа елдерінің ұлттық және халықаралық сарапшылардың қатысуымен «Әкімшілік рәсімдердің жалпы құқығы және оның жария құқығының арнайы салалары үшін маңызы» IV Халықаралық конференция өткізіледі. Аталмыш конференция Қазақстанда әкімшілік рәсімдер институтының мүмкін даму жолдарын көрсету мақсатымен өткізіледі.

Ары қарай оқу >>

Студенттер арасында спорт ойындарынан жарыс өтеді

14.11.2013

17 қараша халықаралық студенттер күніне орай сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы спорткешенінің № 1 залында қыздар және ұлдар арасында спор түрлерінен жарыс ұйымдастырылады. Арқан тартудаұлдар (5 адам), гір спортыұлдар мен қыздар (4 адам) қатысады.

Ары қарай оқу >>

Халықаралық қатынастар факультетінде «Қазақстан теңгесінің тарихы» атты дәріс тыңдалды

13.11.2013

11 қараша күні халықаралық қатынастар факультеті дипломатиялық аударма кафедрасының аға оқытушылары, «әлемдік экономика» мамандығы 40 пен 41 топ эдвайзерлері Л.Дүйсеева мен А.Хұрметтің ұйымдастыруымен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық мұражай қызметкері М. Усманованың жетекшілігімен «Қазақстан теңгесінің тарихы» атты дәріс тыңдалды.

Ары қарай оқу >>

Онлайн видеоконференцияда жемқорлыққа қарсы іс-шараларды ұйымдастыру мәселесі талқыланды

13.11.2013

12 қараша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да “Жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың ұйымдастырушылық және басқарушылық тетіктері: (Ресейлік және шетелдік тәжірибе)” тақырыбында халықаралық онлайн видеоконференция өтті.

Ары қарай оқу >>

Әскери кафедра жетекшілерінің қатысуымен оқу-әдістемелік жиын өтеді

12.11.2013

15 қарашада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әскери кафедрасында (сағат 14:00, Төле би көшесі, 96. А. Байтұрсынұлы көшесінің қиылысы) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің орынбасары Әбдірайым Бақытжан Жарылқасынұлының жетекшілігімен әскери кафедра жетекшілерінің қатысуымен оқу-әдістемелік жиын өткізіледі.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Екатеринбург қаласында өткен Қазақстан мен Ресей арасындағы әріптестік туралы өңіраралық Х форум жұмысына қатысты

12.11.2013

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Екатеринбург қаласында өткен Қазақстан мен Ресей арасындағы әріптестік туралы өңіраралық Х форум жұмысына қатысты. ҚазҰУ ректоры, академик Ғ. Мұтанов бастап барған делегация құрамында ғалымдар, ҒЗИ және ғылыми орталықтар директорлары, факультет декандары, оқытушылар және университет студенттері болды.

Ары қарай оқу >>