Үлкенге құрмет - жастарға міндет

07.11.2013

Көрулер: 2696

«Біз қарттарды құрметтейміз» атты әлеуметтік-тәрбиелік іс-шара аясында жалғызбасты зейнеткерлер, мүгедектер, зейнет жасындағы жалғызбасты ерлі-зайыпты және отбасылық жұптарға арналған әлеуметтік тұрғынүй тұрғындарымен халықаралық құқық кафедрасының оқытушылары: Б. Амандосұлы, А.М. Бекжан, Ж.Б. Үмбетбаева, Д.Ө. Байқуқаева ұйымдастыруымен студенттердің кездесуі өтті.

Кездесу барысында 1, 3 курс студенттерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, әлеуметтік тұрғынүй тұрғындарына гүлдер мен сыйлықтар табыс етілді. Аталған мекеменің басшылығы осы іс-шараны ұйымдастырушыларға зор алғыс білдіріп, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық құқық кафедрасына алғыс хат табыс етті.