Философия және саясаттану факультетінде «Политолог» клубының отырысы өтеді

06.11.2013

Көрулер: 2157

7 қараша 2013 жылы сағ 14:30-да философия және саясаттану факультетінде (406 ауд.) «Политолог» студенттік пікірталас клубының отырысы өтеді.


Клуб қонағы - с.ғ.к., доцент Н.Р. Жотабаев «Жастар ядросыз әлем үшін» тақырыбында баяндама оқиды. Отырыс барысында ядролық жарылыстардың әлеуметтік салдарлары, ядролық қаруды таратпау және ядросыз әлем құру мәселелері талқыланбақ. Келем деушілерге есігіміз ашық.

«Политолог» студенттік пікірталас клубы