Баспа ісі және дизайн кафедрасы кәсіби бағдар өткізді

07.11.2013

Көрулер: 2340

Журналистика факультетінің баспа ісі және дизайн кафедрасы Алматы қаласы Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-интренатына кәсіби бағдар беру мақсатында кафедраның аға оқытушысы М.Майлықұтованың ұйымдастыруымен кездесу өткізді.

Мамандық таңдау – өмірлік мәні бар, болашақтың бағытын айқындайтын аса маңызды шешім. Осы тұрғыдан келгенде кітапқа, баспагерлікке, дизайнерлікке, редакторлыққа деген жаны құштар жас буынның болашағына бағыт беру мақсатында өткен бұл шараға кафедранның 3 курс студенттері атсалысты. Шара барысында мамандыққа баулу мақсатымен оқушыларға кафедраның аға оқытушысы М.Майлықұтова баспагер–редактор мамандығының қыр-сыры, кәсіби шеберлігі мен біліктілігі, уақыт талабынай сай мамандық сұранысының басым бағыттарын баяндап, оқушылармен емен-жарқын әңгіме бөлісті.

Кәсіби бағдар беру мақсатында өткен кездесуде баспа ісі және дизайн кафедрасының 3 курс студенттері М.Лесхан, Б.Еркінбек, А.Қуантханова, Ф.Әліпбек оқушыларға өздерінің білім алып жатқан баспагер мамандығын жоғары деңгейде меңгіріп жатқандықтары жайлы әдемі әңгіме өрбітті. Ал, Б.Бексұлтан мен Ә.Азаматұлы ән айтып, күй тартып жас талапкерлерді өнерлерімен тәнті етті.

Сондай-ақ, кездесу соңында баспа ісі және дизайн кафедрасының меңгерушісі С.Медеубекұлы жас түлекке ҰБТ-дан жоғары ұпай жинап, сәтті таңдау жасап, болашағы бар баспагер мамандығына студент болып оқуға қабылдануларына тілектестік білдірді.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі