Жапон тілін оқыту сөздігі дайындалмақ

06.11.2013

Көрулер: 2106

2013 жылдың 16-17 қарашасында шығыстану факультетінің корейтану және жапонтану кафедрасы «Жапон тілі бойынша оқыту сөздігін дайындау» тақырыбында халықаралық ғылыми дөңгелек үстел өткізеді.

Дөңгелек үстел жұмысына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың, Цукуба университетінің (Жапония), Токио университетінің және Орталық Азия елдері (Өзбекстан, Қырғызстан) университеттерінің оқытушылары қатысады. Дөңгелек үстел шығыстану факультетінде 16 қараша күні сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін, 17 қараша күні сағат 10.00-ден 14.00-ге дейін 503, 536 дәрісханаларда өтеді.

Байланыс телефондары: 243-83-51 - Балакаева Ляйля

243-83-57-Шорина Дариягүл