Дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі қаралады

07.11.2013

Көрулер: 2013

Құрметті оқытушылар мен студенттер! Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу құқығы кафедрасының «Фемида» клубының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі» атты дөңгелек үстелге қатысуға шақырады. Дөңгелек үстел 8 қараша 2013 жылы заң факультетінің 410 аудиториясында, сағат 14.00- де өткізіледі. Клуб жетекшісі: Урисбаева А.А.

Қазіргі кезде Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру процесі маңызды сатыда тұр. Әлемдік экономика мен әлемдік сауданың даму тенденциялары бір ортақ ғаламдық еркін нарық болуын талап етеді. Әрине бұл бағыттағы Дүниежүзілік сауда ұйымының әрекеті ең маңызды болып табылады. Ғаламдастыру жағдайында тауарлардың көпшілігіне сыртқы сауда немесе әлемдік нарық арқылы қол жеткізілетіндіктен, кез-келген ұйымның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі уақыт мәселесі болып табылады. Осындай жағдайда бұл тақырыптың Қазақстан үшін маңызы өсе түседі. Аталған проблемаларды реттеу үшін Қазақстанның ДСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөздер мен ресми кездесулер жүргізілуде. Бұл тұрғыда Сыртқы істер министрлігінің шетелдік мекемелері де ДСҰ мүшелері болып табылатын жеке елдерге саяси ықпалды күшейтуге барлық мүмкіндіктер жасауда. Дөңгелек үстелдің өту барысы осы мәселелерді қамтуға бағытталған.

Байланыс телефондары 8702308 22 06 Роза

8701208 50 25 Мадияр