Хабарландыру!

06.11.2013

Көрулер: 2026

12 қараша күні халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық құқық кафедрасында (208 ауд.) магистранттар мен Ph.D. докторанттар үшін құрылған «Құқық және қауіпсіздік» пікір-сайыс клубының кезекті отырысы өткізіледі (сағ. 11:00-13:00).

Отырыс жұмысының күн тәртібі аясында талқылауға халықтардың құқықтық теңдігімен өзін-өзі анықтау қағидасының теориялық және тәжірибелік қырларын халықарлық-құқықтық реттеудің мәселелері мен болашағына қатысты сауалдар жинағы ұсынылады. Еуропалық, азиаттық және оңтүстік-америкалық тәжірибенің негізінде осы заманауи халықаралық құқықтың императивтік нормасының тиімділігі мен құқықтық мазмұнының өзгеру тенденциялары талқылауға түседі.

Отырысқа халықаралық қатынастар, философия және саясаттану, заң факультетінің студенттері, магистранттары мен Ph.D. докторанттары шақырылады.