Жаңалықтар

ПРЕСС-РЕЛИЗ

04.06.2020

                                                                                                      ПРЕСС-РЕЛИЗ

2020 жылдың 30 мамыр күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Тарих, археология және этнология факультеті Ұлы ғұлама әл-Фарабидің 1150-жылдығы аясында дәстүрлі «Түлектер күні» мерекесін алғаш рет zoom жүйесінде онлайн форматта салтанатты түрде өткізді. Бұл шараға Тарих, археология және этнология факультетінің мерейлі 1975, 1980, 1985, 1990, 2000 жылдарғы түлектері және басқа да жылдары бітірген түлектеріміз қатысты. Қатысқандардың жалпы саны 62 қатысушыны құрады.

Ары қарай оқу >>

Алаштану орталығы жанданды!

20.04.2020

АЛАШТАНУ ОРТАЛЫҒЫ ЖАНДАНДЫ

                                                                             (Алаш қозғалысы һақындағы түйткіл ой) 

    Алаш тарихында Әлихандай, Ахметтей, Міржақыптай азаматтардың идеясын қолдап, жүзеге асыруда, Алаш үкіметін құруға бар күштерін салған қайраткерлер, оларға ниеттес болған азаматтар жетерлік. Бірақ солардың тарихи тұлғасы өз деңгейінде ұлықталып жүр ме?

 

Ары қарай оқу >>

Шахматтан онлайн турнир

09.04.2020

04.04.2020 жылы ҚазҰУ-дың Тарих, археология және этнология факультетінің түлектері арасында «Карантинде миыңды шынықтыр!» ұранымен шахматтан онлайн турнир өткіздік.

Ойын тартысқа толы болып, қосымша финалда Данияр Дүйсенбай жеңісті жұлып алды.

КаранTINO CUP

Ары қарай оқу >>

БІЗ БІРГЕМІЗ!

09.04.2020

Қайырлы күн Қазақ елі, әріптестер, шәкірттер!
Әлемді дүр сілкіндірген індеттің Отанымызға тигізіп жатқан зияны аз емес. Осы бір қиын-қыстау сынақ кезеңінен ел болып "бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару" біздің бірлігіміз бен елдігіміздің айқын көрінісі.

Ары қарай оқу >>

Халықаралықаралық бағдарлама бойынша екі университет арасындағы ынтымақтастық

28.05.2019

Жақында «Ұлы Дала тарихы мен мәдениеті» Мемлекеттік бағдарлама бойынша ғылыми іс-сапардан (Италия, Рим) дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының профессоры, т.ғ.д., РҒЗО директоры, ҚР ҰҒА құрметті академигі Қ.Т. Жұмағұлов келді. La Sapienza  Universita di Roma тарих, антропология және дін департаментінде профессор Қ.Т. Жұмағұлов және профессорлар Fabio Grassi мен Gaetano Lettieri магистрлар мен студенттердің Халықаралық қос диплом бағдарламасы бойынша тәжірибелік дайындықтарын талқылады. Бұл бағдарлама Қазақстан мен Италия университеттері арасында алғаш рет 2015 жылдан бастап сәтті жүзеге асып келеді.

Ары қарай оқу >>

Tribes and religion " дөңгелек үстелі"

27.05.2019

Профессор Сұлтанғалиева Г. С. СЕТОВАС (Франция, Париж) ұйымдастырған "Tribes and religion" дөңгелек үстеліне қатысып, "Kazakh tribes within Empire: Berkimbaevs from tribal leadership to Russian centry"атты баяндамасын оқыды.


Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы

Профессор Султангалиева Г. С.

Ары қарай оқу >>

Профессор Сұлтанғалиева Г.С. DEA (Associate Research Directors) бағдарламасының грантының иегері

10.05.2019

Профессор Сұлтанғалиева Гүлмира Сәлімжанқызы белгілі француз тарихшысы Фернанд Бродельдің негізін қалаған DEA (Associate Research Directors) бағдарламасының грантының иегері атанды. Қазір Париждегі The Fondation Maison des sciences de l ' homme бағдарламасы бойынша зерттеулер жүргізуде.

 

http://www.fmsh.fr/fr/chercheur/gulmira-sultangalieva 

Ары қарай оқу >>

Профессор Сұлтанғалиева Г. С. және PhD докторант Тулешова У. халықаралық форумда қатысуы

28.04.2019

2019 жылдың 25-28 сәуірінде профессор Сұлтанғалиева Г. С. және PhD докторант  Тулешова У.  «Орынбор перспективасы: Үлкен Еуразияның орталығында Ресей мен Қазақстанның жас тарихшылары» атты халықаралық форумға қатысты.
Қазақстандағы Хоккайдо университетінің елшісі, профессор Сұлтанғалиеваның Г.С. мақаласын «Litterae populi» журналында көрсетілген сілтеме бойынша көруге болады  https://www.hokudai.ac.jp/pr/litterae_vol.62.pdf

Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы

Сұлтанғалиева Г.С.

Ары қарай оқу >>