Жаңалықтар

«Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандығы бойынша XI Республикалық студенттік пәндік олимпиада

27.03.2019

5В041900 – «Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандығы бойынша XI Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті. Оған жан-жақтан келген 6 команда қатысты. Олимпиада 3 кезеңнен тұрды: таныстыру, экскурсия жүргізу, жоба қорғау. Қатысушылар тартысты бәсекеге түсті. Бас жүлдені Шымкенттік команда жеңіп алды.

Ары қарай оқу >>

"Жас мұрағатшы" клубының отырысы

26.03.2019

2019 жылдың 26 наурыз күні сағат 13.00-де 412 ауд. «Жас архивист»клубының кезекті мәжілісі өткізілді. Мәжілісте клуб мүшелерінің Фарабиоқуларына дайындығы мәселесі қаралды. Мәжілісте клуб мүшелері С.Саблиннің, Ә. Сәдібаеваның, А. Алимованың баяндамалары тыңдалды.

 

Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы

О.Х. Мұхатова

Ары қарай оқу >>

"Еуразия өркениеті"студенттік ғылыми клубының кезекті отырысы.

18.03.2019

Клуб жұмысына тарих, археология және этнология факультетінің "Тарих"мамандығының 1 - 4 курс студенттері мен магистранттары қатысады.   Клуб жұмысына алмасу бойынша университетте оқитын және арнайы курстарды тыңдайтын шетелдік студенттер де қатысады, мысалы, Калифорния университетінің (АҚШ) студенті Мейган Форд студенттердің үлкен қызығушылығын тудырған "үшінші Крест жорығы" тақырыбында баяндама жасады.

Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы
Мийманбаева Ф. Н.

Ары қарай оқу >>

Жаңа жылдың бастауы – көрісу дәстүрі

14.03.2019

Тарих, археология және этнология факультеті, археология, этнология және музеология кафедрасы «Этнолог» клубы және «Археология және этнология» , «Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандығының 1 курс магистранттарының ұйымдастыруымен ұлттық дәстүрді насихаттау мақсатында 14 наурыз күні «Жаңа жылдың бастауы – көрісу дәстүрі» атты іс-шараны өтті. Іс-шара Алматы қаласы музейлер бірлестігінің көшпелі көрмесі негізінде, студенттер мен магистранттардың ұйымдастырылған концерттік бағдарлама мен ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты сұрақ-жауаппен жалғасты. Көрісу салты бір күнмен шектеліп қалмайды, наурыз бойы жалғаса береді.

Ары қарай оқу >>

«Мамандығым –мақтанышым» тақырыбындағы Дөңгелек үстел.

10.03.2019

«Мамандығым –мақтанышым»  атаулы дөңгелек үстелді клуб жетекшісі, модератор, т.ғ.к., доцент Нұрпейісова Б.Е. жүргізді. Қатысқардар: клуб мүшелері, «Архивтану, құжаттану және құжаттамамен қамту» мамандығы бойынша білім алып,  жұмыс атқарып жүрген түлектер. 

Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы 

 Нұрпеиісова Б.Е. 

 

Ары қарай оқу >>

Флоренцияның реставрациялық орталығындағы тағылымнама

08.03.2019

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Археология, этнология және музеология кафедрасының меңгерушісі Ғани Омаров, профессор Досбол Байгунаков, белгілі реставратор Қырым Алтынбеков және аға оқытушы Самат Сапатаев Италияның Флоренция қаласындағы 1588 жылдан бері жұмыс істейтін "Opificio delle pietre dure" реставрациялық орталығында 25 ақпан мен 8 наурыз аралығында ғылыми тағылымнамадан өтті.

Ары қарай оқу >>

Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік кеш

06.03.2019

2019 жылы 6 наурызда Тарих, археология және этнология факультетінде Халықаралық әйелдер күніне арналған "Кітапхана ісі", "Мұрағаттану, құжаттану" мамандықтарының 1 курс студенттерінің ұйымдастыруымен мәдени кеш өтті. Студенттер концерттік бағдарлама ұйымдастырып, оқутышыларды құттықтады.

Ары қарай оқу >>

Алғыс айту күніне арналған іс-шара

01.03.2019

1 наурыз 2019 ж. "Кітапхана ісі" және "Мұрағаттану, құжаттану" мамандықтарының 1-курс студенттері факультет оқытушыларына Алғыс айту күніне арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырды

Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы
Денгельбаева Н.Б., Дюсембекова Ж. К.

Ары қарай оқу >>

«Ника» студентік ғылыми клубының кезекті мәжілісі

28.02.2019

Клубтың кезекті мәжілісі клуб мүшелерінің «Фараби әлемі» дәстүрлі студенттік конференцияға дайындығы мәселесіне арналды. Атап айтқанда, 4 курс курс студенті Алдыбекова Маликаның, 1 курс студенттері Асқарова Ботагөз бен Толымбек Қазездің сәуір конференцияға дайындаған баяндамалары талқыланды. Мәжілісті клуб жетекшісі дүние жүзі, тарихнама және деректану кафедрасының доценті, т.ғ.к., Е.Т. Қартабаева жүргізді. Мәжіліске т.ғ.д., профессор Жұмағұлов Қ.Т., т.ғ.к., доцент Садықова Р.О. және клуб мүшелері қатысты. Мәжіліс жұмысының қорытындысы бойынша талқыға түскен студенттердің ғылыми жұмыстары конференцияға дайын деген қаулы қабылданды.

Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы

Қартабаева Е. Т.

Ары қарай оқу >>