Жаңалықтар

Елбасы жолы – ұрпаққа үлгі!

26.11.2020

Президент дегеніміз- өз елінің тәрбиелі тұтқасы.

 Ж.Аймауытов

  Өз еліңде бақытты, тыныш өмір сүргенге не жетсін! Айналаңдағы алыс-жақын елдерде соғыс болып жатқанда, ең алдымен, аспанымыз ашық, бейбіт ғұмыр кешудеміз. Сол бейбітшіліктің арқасында мен емін-еркін өмір сүріп, еркін білім алған ерікті елдің ерке қызымын. Мен болашаққа нық сеніммен, үлкен үмітпен қараймын. Осындай бақыттың, игілікті істердің басында көрегендік пен басшылық беріп жүрген еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ағамызға барлық алаш жұртының атынан балалық жүрегімнен алғыс айтамын! 

Ары қарай оқу >>

«Ер Едігенің Алтын Орда тарихындағы орны» атты онлайн форматта республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция!

26.11.2020

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және «TILEU-QABAQ» қоғамдық қоры 2020 жылы 3 желтоқсанда Алтын Орданың құрылуына 750 жыл толуына орай «Ер Едігенің Алтын Орда тарихындағы орны» атты онлайн форматта республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Ары қарай оқу >>

ҚР Тұңғыш президенті күніне арналған кездесу!

26.11.2020

Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күніне орай бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Тарих, археология және этнология факультетінің студенттерімен онлайн форматында  Елбасының курстасы,қоғам қайраткері,жазушы- Тельман Спаев атамызбен "Жастық шақтың ізімен" атты кездесу өтті. 

Ары қарай оқу >>

"МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН!" VIII РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАТРИОТ ЖАСТАР ФОРУМЫ!

23.11.2020

 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН!» VIII республикалық патриот жастар форумының марапаттау салтанаты Қазақстан, Алматы

https://youtu.be/dseiyrs_DxU

Ары қарай оқу >>

Ұлттық валюта күні; төл теңгеміздің тарихы!

23.11.2020

Қазақ халқының төл теңгесінің жасалу тарихы мен ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың ұлттық валюта жасаудағы тарихи шешімі мен көрегенділігі жайында болуы.  1993 жылдың 15 қарашасында ұлттық валюта – ТЕҢГЕНІ енгізу Қазақстан Респуб­ликасы экономикалық тәуелсіздігінің айқын көрінісі болып табылады.

Ары қарай оқу >>

Тарих тұғырындағы тұлға !

02.11.2020

Шығыстанушы, ғалым, тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан ҰҒА-ның коррепондент-мүшесі, ұзақ жылдар бойы ҚР ҰҒА Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнология институтында қызмет жасаған, 1997 жылдан осы академия жанындағы Халықаралық қыпшақтану орталығының директоры лауазымын атқарып келе жатқан Болат Ешмұхамбетұлы биылғы жылы өнегелі өмір жолының жаршысы іспетті 80 жастың сеңгіріне аяқ басты. Айтулы датаға сәйкес, тарихшы қауымның ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың қазан айының 27 ші жұлдызында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ғимаратында «Қыпшақтану – еуразиялық масштабтағы тұжырымдамалық ғылыми-бағыт» атты халықаралық ғылыми-теориялық онлайн-конференция өткізілген болатын. Әль-фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Халықаралық Қыпшақтану институты мен Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты қызметкерлерімен қатар және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті конференцияның өз деңгейінде өтуіне атсалысты.

Қыпшақтану саласы бойынша қалыптасқан ғылыми бағытты онан әрі дамытып, Орта Азия мен Шығыс Еуропадағы және Таяу Шығыстағы қыпшақ тайпаларының өзара байланысын зерттеп, оны ортағасырлық дәуірдегі халықаралық байланыстың ерекші үлгісі ретінде көрсете білген ғалымның құрметіне ұйымдастырылған конференцияда бірінші болып сөз алған ҚР ҰҒА Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнология институтының директоры м.а., тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан ҰҒА-ның коррепондент-мүшесі Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы ғалымның адами болмысымен қатар, ғылымға аяқ басу сатысының әрбір аспектілерін талдап, ғалымның 400 ден астам ғылыми еңбектерінің бірнешеуін қатысушылар назарына ұсынды.

Халықаралық қыпшақтану ортасы Мысыр, Сауд Арабиясы, Ливия, Түркия, Иран, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Украина, Армения секілді елдердегі ортағасырлық этностар тарихын зерттейтін ғалымдармен тығыз байланыс орнатқан Болат Ешмұхамбетұлының аталмыш шарасына Қазақстандық белді тарихшылармен қатар, алыс, жақын шет елдерден де бір топ тарихшылар тобы қатынасып, арнайы дайындалған баяндамаларын оқып, жүрек жарды лебіздерін жеткізді.           

    

  


Ары қарай оқу >>

Ғұмыры ғибратқа толы ғалым!

19.10.2020

2020 жылдың қараша айында ғалым-антрополог, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Болония ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дың 1955 жылғы түлегі Смағұлов Оразақ Смағұлұлының 90 жасқа толуына орай, Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жеделхатын жолдады!

Ары қарай оқу >>

СТУДЕНТТЕРДІҢ XII РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОНЛАЙН ОЛИМПИАДАСЫ

19.10.2020

2020 жылғы 16 қазанда тарих факультеті Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен 5В020300 - «Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиада Еуразия ұлттық университеті базасында алғаш рет онлайн форматта өткізілді.

Олимпиаданың негізгі мақсаты – дарынды жастардың шығармашылық қабілетін ашып қолдау көрсету, заманауи ғылыми мәселелерді шешуге тарту, зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету болып табылады.

Олимпиаданың негізгі міндеттерінің бірі - «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру болса, Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына байланысты қозғалған өзекті мәселелер ғұламаның қалдырған мұрасымен ұштасып жатты.

  Олимпиаданың бірінші кезеңі қатысушы командалардың өздерін «Таныстыру» бейнебаянынан басталды. Ал екінші кезеңі «Интеллектуал» деп аталып, 2 кезеңнен тұрды: 1) «Капитандар конкурсы»; 2) «Шығармашылық Challenge». Үшінші кезеңде үй тапсырмасына берілген «Абай мұрасы және қазіргі жастар» атты ғылыми жобалар бағаланды.

Тартысты өткен дәстүрлі додада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің атынан қатынасқан «Абадан» командасы жүлделі 2 орынға ин болды.

Ары қарай оқу >>

Сенсация !

07.09.2020

Профессор А.Төлеубаевтың жетекшілігімен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің археологиялық экспедициясы сенсациялық жаңалық ашты. 2020 жылы профессор А.Төлеубаевтың жетекшілігімен Шығыс Қазақстандағы Елеке Сазы қорымында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ археологтары археологиялық зерттеулерді жүргізді. Патшалық қорғандардың бірінде жүргізілген қазба жұмыстары кезінде 850 ат әбзелдерін безендіруден тұратын қазына табылды. Профессор Төлеубаевтың айтуынша, «Қазына скиф-сақ дәуіріндегі жануарлардың соңғы стиліне жатады және шамамен б.з.д. V-IV ғасырларға тиесілі.Табылған заттардың ішіндегі ең ерекшесі ортасында төрт қоңырауымен безендірілген пантераның алтын фигурасы.Жіңішке және талғампаздықпен жасалынған бұйымдар біздің аймақтың ежелгі тұрғындарының зергерлік шеберлігінің жоғары деңгейде болғанын дәлелдейді».Археологиялық экспедицияның ғылыми тобын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың "Тарих, археология және этнология" факультетінің оқытушылары, докторанттары мен студенттері құрайды.

Ары қарай оқу >>

1 Қыркүйек - Білім күні !

01.09.2020

Қайырлы күн құрметті 1 курс студенттері! 1 қыркүйек күні сағат 12:00 де "Тарих,археология және этнология" факультетінің деканы: НОҒАЙБАЕВА МЕҢДІГҮЛ САҒАТҚЫЗЫмен онлайн кездесуді жіберіп алмаңыздар! Кездесуде өздеріңізді қызықтырған барлық  сұрақтарыңызды қойып, факультет жайлы толығырақ білетін боласыздар! Кездесу ZOOM платформасында өтеді.


Ары қарай оқу >>