6B02211 Этнология и антропология


Білім беру бағдарламасының атауы

6B02211 Этнология и антропология

Білім саласы

6B02 Искусство и гуманитарные науки

Дайындық бағыты

6B022 Гуманитарлық ғылымдар

Білім беру бағдарламаларының тобы

B034 Тарих және археология

БББ мақсаты

Бағдарлама іргелі және қолданбалы антропологиялық және этнологиялық ғылыми білім саласында мамандар даярлауға; этнология және антропология мәселелері бойынша халықты жалпы мәдени ағартуға; этносаралық және конфессияаралық процестерді реттеуге арналған мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған.

Білім беру бағдарламасының мақсаты этнология және антропология саласындағы мамандарды сапалы даярлау, сондай-ақ антропология мен этнологияның негізгі даму тенденциялары мен проблемалары, этнологиялық және антропологиялық зерттеулердің әдістері, қажетті ақпаратты іздеуге және оны шығармашылық деңгейде пайдалануға мүмкіндік беретін кәсіби дағдылар туралы негізгі идеяларды қалыптастыру, сонымен қатар   осы саладағы далалық зерттеулерді жүзеге асырудағы практикалық дағдылар болып табылады.

Оқыту тілі

орыс, қазақ

Кредиттердің көлемі

240

Берілетін академиялық дәреже

Бакалавр

Оқытудың нәтижесі

ON1 эмпирикалық әдістерді қолдана отырып, далалық этнографиялық зерттеулер жүргізу: сипаттау, сұхбат, сауалнама, байқау, сауалнама жүргізу, салыстырмалы-функционалдық   талдау;

ON2 далалық этнографиялық материалдарды тіркеу және өңдеу, оларды жіктеуді жүргізу, информатор   туралы мәліметтерді зерттеу, есеп және есеп беру құжаттарын жасау;

ON3 этнографиялық зерттеу жүргізу үшін анкеталар мен сауалнамалар құру, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, этнографиялық дереккөздердің деректер базасын құру;

ON4 ғылыми – оқу, тарихи-мәдени орталықтарда, үйірмелер, орта мектептерде қосымша пән ретінде әлем халықтарының этнографиясы, түркі халықтарының этнографиясы және қазақ халқының этногенезі және этникалық тарихын оқыту;

ON5 тарихи-мәдени орталықтарда, музей мекемелерінде ғылыми-білім беру, әдістемелік қызмет, экскурсиялар өткізу, экспозициялар құруды жүзеге асыру;

ON6 антропология және этнологияның түрлі салаларында талдау және зерттеу жұмыстарын жүргізу;

ON7 педагогикалық зерттеу қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру, тиісті әдістемелікті пайдалану;

ON8 көші-қон, этникалық және конфессиялық процестердің жай-күйіне мониторинг жүргізу;

ON9 еліміздің және адамзаттың этникалық және мәдени ерекшеліктерімен байланысты мәдени-ағарту қызметтерін жүргізу;

ON10 этнологиялық және антропологиялық жобаларды әзірлеу кезінде заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану;

ON11 тарихи - мәдени және этномәдени мұраны насихаттау саласында зерделенген ғылымдардың ақпараттық-талдау базасын пайдалану;

ON12 әлемдік, ұлттық қоғамдастықтардың тарихи дамуының этно және әлеуметтік-мәдени, этносаяси, этноәлеуметтік факторларын талдау және түсіндіру.

Для абитуриентов

https://welcome.kaznu.kz/ru/education_programs/bachelor/speciality/1451

Академиялық қызмет

Кадрлық әлеует:

ПОҚ штаттық құрамы – 21,

- профессорларының саны - 7;

- доценттерінің саны - 6;

- аға оқытушылар ­­– 5;

- оқытушылар- 3

Тәжірибеден өту базалары:

- Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институты

- Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты.

- ҚР Орталық мемлекеттік музейі;

- Ақтөбе қалашығындағы ҚазҰУ археологиялық базасы;

- Алтай археологиялық экспедициясының базасы;

- Шілікті археологиялық экспедициясының базасы;

- Ботай археологиялық экспедициясының базасы;

- Геоархеология археологиялық экспедициясының базасы.

Ғылыми қызмет

Кафедрада Ә.Т. Төлеубаев, М.Е. Елеуов, А.Б. Қалыш, Б.К. Қалшабаеваның ғылыми мектептері бар.

Кафедрадағы ғылыми жобалар:

1)AP08856696 «Қазақстанның шөлді атырабтарының егіншілік-малшаруашылық ландшафтарын этнографиялық және геоархеологиялық зерттеу: игеру мен бос қалдырулардың тарихи себептері». Жетекші: Картаева Т.Е. т.ғ.к., профессор

2) AP09260898 Ортағасырлық Қышқала (Баршынкент): Алтын Орда дәуіріндегі қалалық мәдениет негізінде

Жетекші: т.ғ.д., профессор Елеуов М.Е.

3)AP09261115 ШҚО, Аягөз ауданының археологиялық ескерткіштері,:пәнаралық зерттеулер. Жетекші: т.ғ.к., доцент Омаров Ғ.Қ.

4) AP09260487 Шығыс Қазақстанның ежелгі түркі мәдени кешені: бастауы және трансформациясы.

Жетекші: т.ғ.д., профессор Самашев З.С.

ББ материалдық-техникалық базасы:

Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін факультетте «Геоархеология» халықаралық ғылыми-зерттеу лабораториясы,   «Археология, этнология және антропология», «Археология және дала өркениеттері» ғылыми-зерттеу институттары жұмыс жасайды.

Халықаралық қызмет

Білім беру бағдарламасы жоғары халықаралық стандарттарға және нарық қажеттіліктерінің өзгеруіне бағдарлана отырып, жаңғыртылады. Оны құрастыру кезінде осы саладағы жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының тәжірибесі ескерілді: University of Washington, University of San Francisco, Boston University, University of Oregon, Instituto Europeo di design Venice, Paris-Sorbonne University Abu Dhabi, Birmingham city University, Lorenzo de Medici Institute, Norwich University.

Бұл элективті пәндердің сандық ұлғаюынан, олардың алуан түрлілігінен, инновациялық технологиялар мен коммуникация құралдарының белсенді пайдаланылуынан, ғылыми және академиялық салаларда жаңа бағыттардың пайда болуынан көрінеді.

Сапаны қамтамасыз ету (аккредиттеу, рейтинг, жұмыс берушілермен жұмыс) 

ББ ерекшеліктері:

ББ Аккредиттеу туралы куәліктің болуы:

Халықаралық аккредитация

Аккредитациялық орган атауы: ACQUIN

Аккредитация жарамдылық мерзімі: 2018-2021 жж.

ҚР ЖОО арасындағы білім беру бағдарламалары арасында рейтинг бойынша:

НААР - 1

НКАОКА – 1 орын алады.

ББ материалдық-техникалық базасы:

-     Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін факультетте «Геоархеология» халықаралық ғылыми-зерттеу лабораториясы,   «Археология, этнология және антропология», «Археология және дала өркениеттері» ғылыми-зерттеу институттары жұмыс жасайды.