Жаңалықтар

«Батыс Еуропа кітапханалары: тарихы және қазіргі жағдайы».

15.01.2021

Тарих, архелогия және этнология факультетінің «Жас мұрағатшы» және «Мұратану» клубтарының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 15- қаңтарында «Батыс Еуропа кітапханалары: тарихы және қазіргі жағдайы» тақырыбында Кембридж университетінің түлегі, Абердин университетінің профессоры, PhD докторы, аталған университет кітапханасының ғылыми қызметкері Питер Джеорджпен кездесу ұйымдастырылды. 

Ары қарай оқу >>

Кітапхана біздің ортақ Ұлы Жеңісімізді еске алатын тарихи орын ретінде !

14.01.2021

2020 ж. 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы М.И. Рудомино атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік шетел әдебиеті Кітапханасымен (Мәскеу қ.) бірлесіп "Цифрлық ортадағы білім беру жобалары: мектептер мен кітапханалардың серіктестігі" (Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай) Дөңгелек үстел өткізді.

Ары қарай оқу >>

Тарихшылардың VIII ұлттық конгресі өтті !

23.12.2020

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Тарихшылардың ұлттық конгресі Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойлары және «Ұлық Ұлыс» – Алтын Орданың 750 жылдығы аясында «Отандық тарих ғылымындағы тұлға: жаңа зерттеулер мен ұстанымдар» тақырыбында кезекті VIII отырысын өткізді. Жыл қорытындысы бойынша, тарих саласының жаңашыл, ізденімпаз ғалымдарына арнайы грамоталар табысталып, осы тізімде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тарих, археология және этнология факультетінің деканы Ноғайбаева Меңдігүл Сағатқызы және Археология, этнология және музеология кафедрасының меңгерушісі Жұматаев Ринат Серікұлы лайықты марапатқа ие болды.


Ары қарай оқу >>

"Деректер ғылымы контекстіндегі тарихи зерттеулер: ақпараттық ресурстар, аналитикалық әдістер және цифрлық технологиялар" атты XVII Халықаралық ғылыми конференциясын өткізді.

18.12.2020

4-6 желтоқсан күні М. Ломоносов атындағы  ММУ – дің тарих факультетінде "Деректер ғылымы контекстіндегі

тарихи зерттеулер: ақпараттық ресурстар, аналитикалық әдістер және цифрлық технологиялар" атты XVII Халықаралық

ғылыми конференциясын өткізді. Конференция жұмысына дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының

қызметкерлері С.А. Жакишева (ұйымдастыру комитетінің мүшесі), А. А. Жүнісбаева, к. ш. Әлімғазинов қатысты.


Ары қарай оқу >>

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні !

18.12.2020

16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге 29 жыл толды.

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

Ары қарай оқу >>

Президенттік стипендия иегері атанды!

10.12.2020

  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің комитетінің бұйрығымен 2020-2021 оқу жылында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев стипендиясының  иегері ретінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бойынша тек 1 ғана білім алушы - Тарих, археология және этнология факультетінің 2 курс магистранты Жақсылықова Айгерім Сержанқызы танылды! Құрметті, Айгерім Сержанқызы, білім биігіндегі жетістіктеріңіз жылдан-жылға көбейіп, білім алып жатқан оқу орныңыздың абыройын арттыра бергейсіз !

Ары қарай оқу >>

Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов жаңа қызметке сайланды!

09.12.2020

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тарих, археология және этнология факультетінің 1987 жылғы түлегі, 1991-1993 жылдары аталған университеттің Қайрат Әбдірахманов ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары лауазымына сайланды.

 

 

 

Ары қарай оқу >>

«Ер Едіге» медальімен марапатталды !

04.12.2020

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және «TILEU-QABAQ» қоғамдық қоры 2020 жылы 3 желтоқсанда Алтын Орданың құрылуына 750 жыл толуына орай «Ер Едігенің Алтын Орда тарихындағы орны» атты онлайн форматта республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор Б.Б. Кәрібаевті «TILEU-QABAQ» қоғамдық қоры конференцияның жоғары деңгейде өтуіне Алғыс хат жариялай отырып, «Ер Едіге» медальімен марапаттады.

Ары қарай оқу >>

«Ер Едігенің Алтын Орда тарихындағы орны» атты онлайн форматта республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

04.12.2020

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және «TILEU-QABAQ» қоғамдық қорымен бірлесе отырып Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен 2020 жылы 3 желтоқсанда Алтын Орданың құрылуына 750 жыл толуына орай «Ер Едігенің Алтын Орда тарихындағы орны» атты онлайн форматта республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Ары қарай оқу >>

«Отарлау процестеріндегі мемлекеттің рөлі: көне заманнан бүгінге дейін» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция!

26.11.2020

Удербаева Сәуле Кәрібайқызы, тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы, Ресей ғылыми қорының «Орталық Азия 18-19 ғасырлардағы халықаралық қатынастарда» зерттеу жобасының мүшесі ретінде 2020 жылғы 19 қарашада Zoom платформасында «Отарлау процестеріндегі мемлекеттің рөлі: көне заманнан бүгінге дейін» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. 

Ары қарай оқу >>