Шахматтан онлайн турнир

09.04.2020

Көрулер: 1850

04.04.2020 жылы ҚазҰУ-дың Тарих, археология және этнология факультетінің түлектері арасында «Карантинде миыңды шынықтыр!» ұранымен шахматтан онлайн турнир өткіздік.

Ойын тартысқа толы болып, қосымша финалда Данияр Дүйсенбай жеңісті жұлып алды.

КаранTINO CUP

Турнирдің мақсаты: Онлайндағы шахмат тақтасында бас қоса отырып, уақытты тиімді өткізу.
Турнирге кімдер қатысты: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Тарих, археология және этнология факультетінің әр жылдардағы түлектері.
Турнир ережесі: Турнир айналмалы (круговой) жүйесіне негізделді. Яғни барлық қарсыластар бір-бірімен 1 онлайн ойын өткізуі тиіс болды. Ойын блиц-шахматтан (5 минуттық ойын) өтті. Әр жеңіс үшін 1 ұпай, тең ойын үшін 0,5 ұпай және жеңіліс үшін ұпай жазылмайды. Шахмат турнирі chess.com платформасы мен приложениесінде ойналды (компьютерде, не смартфонда ойнайтынын қатысушылардың құзырына қалдырдық).
Турнирге қатысу үшін 1000 тг көлемінде төлем жарнасы алынды. Турнир «Еріктілер жылы» қарсаңында өтіп жатқандықтан жиналған қаржы қайырымдылық шарасына жұмсалады. Қайырымдылық шарасына тиісті деп тапқан мұқтаж жандарға қатысты таңдауды турнирдің барлық қатысушылары біріге шешеді.

Қарсыластарға құрметпен қарау турнирдің басты шарты. Сондықтан да, онлайн ойын барысында қарсыластың шамына тиетін сөздер жазу, жекесіне қатысты ақпараттармен бөлісуге тыйым салынды!

Сонымен, блиц-шахматтан онлайн турнирдің нәтижесінде осындай турнирлерді тұрақты ету ұсынысы қабылданды.