Алматы қаласы № 43 жалпы орта мектебінде көрме жасалды

19.05.2018

19.05. күні Алматы қ. № 43 жалпы орта білім беретін мектебінде Шілікті, Алтай, Үржар археологиялық экспедицияларының көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге экспедициялардың фото суреттері, далалық жұмыс барысында табылған жәдігерлері қойылды. Сонымен қатар, тарих, археология және этнология факультетінің буклеті де оқушылардың назарына қойылды.  Мектеп оқушылары көрмені тамашалап қана қоймай, факультет мамандықтарымен де танысуға мүмкіндік алды.

Ары қарай оқу >>

ҚР Сыртқы істер министрі Әбдірахманов Қайрат Құдайбергенұлымен кездесу

12.05.2018

ҚазҰУ-дың, тарих, археология және этнология факультетінің 1987 жылғы түлегі, бүгінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Әбдірахманов Қайрат Құдайбергенұлы мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры, академик Ғалым Мұтановпен бірге тарих, археология және этнология факультетінде келді

Ары қарай оқу >>

Қазақ әскери комиссариаты. Құпиясыздандырылған құжаттар

04.05.2018

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих, археология және этнология факультетінің дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы ҚР Орталық мемлекеттік архивімен бірлесіп 9 мамыр Жеңіс күніне орай ұйымдастырады. Көрмені ҚР Орталық мемлекеттік архивінің директор орынбасары М.Г. Жылысбаева ашты. Қазақ әскери комиссариаты қоры құжаттарының құпиясыздандырылуы туралы Каратаева Гүлнар Миронқызы толық және қызықты мәліметтер берді.

Ары қарай оқу >>

Құрметті академик У.Х. Шалекеновпен кездесу

04.05.2018

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Тариx, арxеология және этнология факультетінде Ұлы Отан соғысының ардагері, ардақты ұстаз, бүгінде аты аңызға айналған т.ғ.д., профессор Уаxит Шалекеновпен келелі кездесу өтті. Кездесуде қазақ тариxының ақтаңдақ беттері терең талданып, бүгінгі тәуелсіз тариxымыздың парақтарына тариxи талдау жасалды. Тәуелсіз еліміздің қол жеткізген жетістіктерін ардақтауға шақырды.

Ары қарай оқу >>

Кімасар шатқалына сапар

03.05.2018

Археология, этнология және музеология кафедрасы "Музей ісі және ескерткіштерді қорғау" мамандығының 2 курс студенттері Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі Кімасар шатқалына саяхат жасады

Ары қарай оқу >>

Түркі әлемінің халықаралық симпозиумы

27.04.2018

2018 жылдың 24-27 сәуір аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Тарих, археология және этнология факультеті мен Ататүрік «Мәдениет, тіл мен тарих» ғылыми-зерттеу орталығы біріге отырып Алматы қаласында «ХХ ғасырдың басынан бастап бүгінгі күнге дейінгі түркі әлемінің саяси, экономикалық және мәдени дамуы» атты халықаралық симпозиум өткізді.

Ары қарай оқу >>

Алматы қаласы Наурызбай ауданының №188 қазақ гимназиясында мамандыққа бейімдеу сабағы

24.04.2018

Наурызбай ауданы, №188 қазақ гимназиясында  әл-Фараби атын. КазҰУ, , дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының доценті, т.ғ.к. Нұрпейсова Б.Е, кафедра меңгерушісі  оқу-тәрбие ісі орынбасары Мырзабекова Р.С., мамандыққа бейімдеу сабағын өткізді. 60 гимназия бітіруші түлектер және ұстаздары қатысты

Ары қарай оқу >>

1938-1939 жж. халықаралық дағдарыс

23.04.2018

2018 ж. 23-сәуірде №7 ауд. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының профессоры, т.ғ.д. Кокебаева Гульжаухар Какеновна «1938-1939 жж. Халықаралық дағдарыс» тақырыбында қонақ дәрісін өткізді

Ары қарай оқу >>

Pages