Қазақстан тарихы және дүние жүзі тарихы пәндері бойынша республикалық олимпиада

Қазақстан тарихы және дүние жүзі тарихы пәндері бойынша республикалық олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу

Ережелері

 

І Жалпы ережелер

Бұл ережелерде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих, археология және этнология факультетінің базасында дүние жүзі тарихы және Қазақстан тарихы пәндері бойынша республикалық олимпиаданың өткізілуі және ұйымдастырылуы шарттары берілген.

Республикалық олимпиада жыл сайын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарих, археология және этнология факультетінің ұйымдастырылуымен өткізіледі.

Олимпиаданың мақсат-міндеттері:

1) Жалпы орта білім беретін мектептерден өз елінің тарихын жақсы көретін зияткер, дарынды балаларды іздеу.

2) Тарихты зерттеуге оқушылардың қызығушылығын арттыру.   

3) Оқушыларға кәсіби бағыт бағдар беру, өзін-өзі дамытуға көмектесу.

4) Оқушылардың сыни ойлау дәрежесін, эрудициясын  анықтау.

5) Ғылыми-зерттеу, білім беру және танымдық ізденістерін ынталандыру.

6) Қазақстан Республикасының зияткер әлеуетін қалыптастыруға көмектесу.

 

ІІ Республикалық олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі

Олимпиада 2 турдан тұрады.

1 Олимпиаданың 1– турын өткізу ережелері:

Бірінші тур – онлайн түрде 2019 жылдың 8-20 қаңтар аралығында өткізіледі.

Әр қатысушы http://online-test.kaznu.kz сайтында тіркеліп, «Қазақстан және дүние жүзі тарихы пәндері бойынша республикалық олимпиада» тестін таңдауы қажет.

1) Бірінші турда қатысушылар ежелден бүгінгі күнге дейінгі дүние жүзі тарихы және Қазақстан тарихы пәндерінен тест тапсырады. Тесттер саны – 100, бес жауаптың біреуі дұрыс болады. Тапсырманы орындауға 60 минут беріледі. Қатысушылар жалпы балдың кем дегенде 50 % жинауы қажет.

2) Қатысушы тестті бір рет қана орындай алады.

3) Тестілеу уақыты әр қатысушы үшін жеке, тестті бастаған уақытынан басталады.

1 – турды өткізу тәртібі:

Қатысушы http://online-test.kaznu.kz сайтында тіркелу қажет;

Тіркеуден өту (Аты-Жөні, электронды адрес, телефон...);

Тестті таңдаңыз – «Қазақстан және дүние жүзі тарихы пәндері бойынша республикалық олимпиада» тестін таңдау қажет;

Тестілеу тілін таңдау;

Тестілеуді бастау.

Ескерту:

1) Қатысушы http://online-test.kaznu.kz сайтында тіркеуден өткен соң нақтыланған уақытта өзінің логин, кілт сөзін енгізу арқылы тестілеуді бастай алады;

2) Қатысушы 1- турға ғаламторға шығу мүмкіндігі бар кез-келген жерден кіре алады (үйде, мектепте және т.б.);

3) Қатысушы тестті тек 1 рет қана өте алады, қайта тестті өту ұйымдастырушылар тарапынан қабылданбайды;

4) Егер тестілеу кезінде қатысушы абайсызда тестті жауып алса, өзінің логин, кілт сөзін теріп, «қорытындыларға» басып, бірінші тестке басу керек (Статусы аяқталмаған деп тұрған жерге)

2 Екінші тур 2019 жылдың 28-29 наурызында өткізіледі

1) Қатысушылар астында берілген тақырыптар бойынша 2019 жылдың 1-10 наурызына дейін olimpiada.tarih@mail.ru  адресіне жұмыстарын жіберу керек:

– Тарихи өлкетану

– Қазақстан мұражайлары

– Қазақстанның археологиялық ескерткіштері

– Қазақстан халқының тұрмысы мен мәдениеті

– Қазақстанның әлемдік қауымдастықтардағы орны

– Ұлы жібек жолы

– Шығыстың ортағасырлық өркениеттері

– Батыс Еуропадағы гуманизм мәселелері

– Алаш қозғалысы

– Қазіргі заманғы қазақстандық мәдениет

– Қазақстанның рухани жаңғыруының жолдары

– Қазақстанның тарихи тұлғалары

– Киелі жердің туризмі

– «Туған жер» бағдарламасы

– «Қазақ Елі» және «Мәңгілік Ел» түсініктерінің мағынасы

 

2) Екінші тур қорытындылары 2019 жылдың 15 наурызында әл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың тарих, археология және этнология факультетінің сайтында жарияланады.

3) Ғылыми жобаның құрылымы: басты бет, мазмұн, кіріспе (кіріспеге: жобаның мақсат-міндеті, өзектілігі, зерттелу деңгейі, қамтыған уақыт ауқымы), негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.

4) Тарау атаулары, мазмұны, кіріспе, қорытынды үлкен әріптермен жазылады.

5) Ғылыми жобалар кем дегенде 25 беттен тұру керек,Times New Roman қарпімен, шрифт өлшемі 14, өрісі: үстіңгі және астыңғы – 2 см, сол жағы 3 см, оң жағы 1 см.

6) Ғылыми жобаны қорғау кезінде иллюстрациялық материалдарды, презентацияларды қолданған жөн.

7) Қатысушылардың жұмыстарын бағалау 100 балмен есептеледі. Максимум 100 бал, минимум 70 бал.

8) Олимпиада қазақ және орыс тілінде өткізіледі.

 

ІІІ Республикалық олимпиада қатысушылары

1) Республикалық олимпиадада Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сынып оқушылары қатысады.

2) Бірінші турға қатысушылар саны шектелмейді.

3) Екінші турға бірінші турда жоғары бал жинаған оқушылар қатысады

4) Бірінші тур бойынша екінші турға өткен қатысушылар тізімі жасалады.

5) Тізімді олимпиаданың ұйымдастыру комитеті жасайды.

6) Республикалық олимпиадаға тіркелу және қатысу ақысыз.

7) Екінші тур қорытындысы бойынша ең үздік жұмыстардың иегерлері жеңімпазды анықтау және марапаттау үшін Алматы қаласына әл-Фараби ат. ҚазҰУ-ға шақырылады (2019 жылдың 28-29 наурызы).

8) Шақырылған қатысушыларға ҚазҰУ тарапынан тамақтану, жатын орын және ҚазҰУ кампусы бойынша экскурсия тегін ұйымдастырылады.

9) Жол шығыны жіберуші жақтан қамтамасыз етіледі.

 

ІV Республикалық олимпиаданың ұйымдастырушы комитеті және қазылар алқасы

1. Ұйымдастырушылар тізімін әл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың тарих, археология және этнология факультетінің деканы бекітеді. Ұйымдастырушылар кеңесіне әл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың тарих, археология және этнология факультетінің жетекші оқытушылары кіреді.

2. Ұйымдастырушылар алқасының міндеттері:

1) Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізуді басқару

2) Қазылар алқасын бекіту

3) Мемлекеттің БАҚ республикалық олимпиаданы өткізу туралы жариалым жасау

3. Қазылар алқасы факультеттің жетекші оқытушыларынан және хатшыдан тұрады. Қазылар алқасына әл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың тарих, археология және этнология факультетінің жетекші оқытушылары кіреді.

4. Олимпиаданың қазылар алқасы:

1) Бірінші және екінші турлардың қорытындысын шығарады

2) Ұйымдастырушы комитетке жеңімпаздар тізімін ұсынады

 

V Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих, археология және этнология факультетінің базасында өтетін республикалық олимпиадасы жеңімпаздарын марапаттау

Екінші тур жеңімпаздары мен қатысушылары дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталады.

 

Республикалық олимпиада туралы ақпаратты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарих, археология және этнология факультетінің сайтынан ала аласыздар www.kaznu.kz. Тел: 8 (727) 221 12 81 (ішкі 12-81) – Қожабекова Жанар Базарғалиевна,  8 777 370 85 95 – Ахметжанова Ажар Токсановна, 8 708 333 08 93 – Сагындыкова Сымбат Темиргалиевна, 8701358 3977 – Денгельбаева Назгүл Болысбаевна.

______________________________________________________________

 

ҮЛГІ:

 

Мемлекеттік тілде оқытатын дарынды балаларға арналған

 

«Зерде» мамандандырылған жалпы білім беру мектебі

 

 

ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС

 

Солтүстік Қазақстандағы ежелгі бақташылық

 

 

Орындаған: Кажимова С.

10 сынып оқушысы

Ғылыми жетекші: Нұртаева Н. Қ.

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

 

 

Екібастұз, 2018

______________________________________________________________ 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ ..............................................................................................

 

3

1

 

1.1

1.2

 

1.3

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЖЕЛГІ БАҚТАШЫЛЫҚ ...

 

Бақташылықтың пайда болуы ...........................................................

Солтүстік Қазақстанның қола, ерте темір дәуірлерінің зерттелу деңгейі .................................................................................................

Солтүстік Қазақстанның қола, ерте темір дәуірлерінің кезеңделу мәселесі......................................................................................................

 

9

 

9

 

17

31

2

 

 

2.1

2.2

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОЛА, ЕРТЕ ТЕМІР ДӘУІРЛЕРІНІҢ ҚОНЫСТАРЫ......................................................

 

Солтүстік Қазақстандағы қола дәуірінің қоныстары ........................

Солтүстік Қазақстанның ерте темір дәуірінің қоныстары ................

 

 

45

 

45

56

 

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................

99

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................... 

102

 

 

ҚОСЫМШАЛАР................................................................................

110

______________________________________________________________

 

КІРІСПЕ

Кіріспеде (екі беттен артық емес) мыналар келтіріледі: таңдалған зерттеу тақырыбының өзектілігі, осы жұмыстың мақсаты (міндеті): қойылған міндеттерді  шешу әдісі қысқаша көрсетіледі.

 

1 ТАРАУ

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорытындыда жұмыстың негізгі нәтижелері және олардың негізінде жасалған қорытындыларын, жұмыстың нәтижелерін ғылыми және тәжірибелік мақсаттарға пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қамтиды.

 

ПAЙДAЛAНҒAН ӘДEБИEТТEP ТІЗІМІ

­­­1 Aкишeв К.A. Иcтopия apxeoлoгичecкиx иccлeдoвaний в Цeнтpaльнoм Кaзaxcтaнe (XVIII-пepвaя пoлoвинa XX вв.) // Eвpaзийcкий eжeгoдник. – Acтaнa: ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, 2005. – C. 15-29.

2 Мapгулaн A. X., Aкишeв К. A., Кaдыpвaeв М. К., Opaзбaeв A.М. Дpeвняя культуpa Цeнтpaльнoгo Кaзaxcтaнa. – Aлмa-Aтa: Нaукa, 1966. – 428 c.

 

ҚОСЫМША