Экзетер университеті қабырғасында ұйымдастырылған Еуропалық Орталық Азия зерттеулері қоғамның (ESCAS) 16-шы конференциясы!

27.05.2019

Көрулер: 1670

    

    2019 жылдың 27-29 маусым күндері Ұлыбританияның Экзетер қаласы, Экзетер университеті қабырғасында ұйымдастырылған Еуропалық Орталық Азия зерттеулері қоғамның (ESCAS) 16-шы конференциясына әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Тарих, археология және этнология факультеті Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының оқытушылық құрам мүшелері қатысты. «Орталық Азияның жаһандануы» атты ортақ тақырыппен өткен бұл ғылыми шараға т.ғ.д., профессор Сұлтанғалиева Г.С., т.ғ.д., профессор Жұмағұлов Қ.Т. және аға оқытушы Абдрахим М.Е. қатысты. Конференция жұмысына әр түрлі елдерден 200-ден астам зерттеушілер қатысты, 62 панельдік жұмыс орын алды, 8 дөңгелек үстел өткізіліп, 2 кітаптың талқылауы болды. Екі жылда бір рет қана өткізіліп, Орталық Азияның тарихы, мәдениеті мен саяси өміріне қатысты барлық өзекті мәселелерді талқылайтын бұл конференцияда кафедра мүшелері өздерінің ғылыми ізденістерімен бөлісті және Орталық Азия мәселелерін зерттеуші әлемнің ғалымдарымен тәжірибе алмасты.