Әлеуметтік - тәрбиелік қызмет

Алматыдағы «Қоғамдық келісім» үйінде Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының әлеуметтік маңызды жобалары негізінде Ұлттық журналистік зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Дін саласындағы өзекті мәселелерге байланысты үздік БАҚ өкілдерін марапаттау шарасы өтті. Үздік журналистерге марапатты әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубекұлы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультеті, баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының меңгерушісі Айгүл Әмірғалиқызы, “Qazaq times” ақпараттық қоғамдық-саяси порталының бас редакторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультетінің аға оқытушысы Қойшыбек Мүбарак, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультетінің доценттері Қоңыр Мұқатайқызы мен Нұржан Қуантайұлы табыстады.

 
   

 

 

 

 

 

Болашақ баспагерлер "Құмбел-Бірлік" шыңына шықты.

"Есік" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы.

"Алтын адам" ескерткіші