Кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық және халықаралық байланыстар бойынша орынбасары


ИСКАКОВА ГҮЛНАЗ НҰРДІЛДАҚЫЗЫ

8 (727) 377-33-39 (ішкі 13-29)
gulnaz_iskakova@mail.ru

Искакова Гүлназ Нұрділдақызы 1984 жылы сәуір айының 6 жұлдызында дүниеге келген. 1990-2000 жылдар аралығында Қызылорда облысы Қазалы ауданында Жанқожа батыр атындағы қазақ орта мектебін «Үздік белгімен» бітірді. 2000-2005 жылдар аралығында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтын «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша білім алып, үздік дипломмен бітірді. Университет қабырғасында ғылыми-теориялық конференцияларға қатысып, үздік жетістіктерге жетті. 2005-2007 жылдар аралығында Искакова Гүлназ Нұрділдақызы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері универститетін «Шет тілі:екі шет тілі» мамандығы бойынша магистратура бөлімінде білім алып, ғылымдар магистрі академиялық дәрежесін алды. 2006-2012 жылдар аралығында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Халықаралық қатынастар факультеті Арнайы шет тілі кафедрасында арнайы шет тілі пәнінң оқытушысы қызметін атқарды. Ғылыми конференцияларға, семинарларға қатысып, мақалалары журнал беттерінде жарық көрді. Ағылшын-орыс-қазақ экономикалық терминдер сөздігінің авторларының бірі. 2012-осы кезге дейін Искакова Гүлназ филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, ғылыми -инновациялық жұмыс және халықаралық байланыс жөніндегі кафедра меңгерущісінің орынбасары қызметін атқарады.