Кафедраның зерттеулері

Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер, ғылыми зерттеулердің даму болашағы

Кафедраның негізгі бағыттарының жаңаруы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ғылымды дамыту тұжырымдамасымен толығымен сәйкес жүзеге асырылып келеді. Кафедра оқытушыларының, докторанттарының, магистранттарының ғылыми зерттеулері төмендегідей шеңберде жүргізіледі:

  • · «Салыстырмалы-тарихи, типологиялық және салғастырмалы аспектілердегі тіл бірліктері» жоспарлы мемлекеттік бюджеттік тақырып;
  • · "Қазақ тілі: психолингвистикалық және социолингвистикалық зерттеулер" лабораториясының ғылыми зерттеулер жоспары;
  • · 2003-2005 жж. Қазақстан Республикасы ғылым қорының іргелі зерттеулер бағдарламасына енгізілген "Динамика функционального развития государственного языка и эффективность новой языковой политики РК: 1991-2001" тақырып (Э.Д. Сүлейменова, Н.Ж. Шаймерденова, С.Ю. Сон, Ж.С. Смағұлова, сонымен қатар К.Ш. Құсаин (ҚР ҰҒА Тіл білімі институты), Б.Х. Хасанов (Қазақ қыздар педагогикалық институтының гендерлік зерттеулер орталығы);
  • · "The Lexicographical Description of Loanwords in Kazakh" INTAS-96-0073 (ИНТАС (International Association for the promotion of cooperation with scientists from NIS халықаралық жобасы; үйлестірушілер Х. Бушотен, Нидерланды и Л. Йохансон, Германия), бұл жобаны дайындауға 1996-1999 жж. Э.Д.Сүлейменова, Р.А. Авакова, Г.Б. Мәдиевалар қатысты;
  • · Интернетке арналған қазақ тілінің Модулін құру жөніндегі Халықаралық жоба ( 1999-2003), оған ACTR/ACCELS (М.Лекич), Индиана университеті (У.Фиерман), Чикаго университеті (Д.Ақанова), әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Э.Сүлейменова), Қазақ мемлекеттік заң академиясы (К.Қадашева), ҰҚК қазақ академиясы (А. Алдаш) қатысты;
  • · Түркия мәдениет министрлігінің "YENI TYRKIYE" халықаралық жобасы (жобаның үйлестірушісі Х.Д. Акараджа, Анкара), бұл жобаға 2001-2002 жж. Э.Д.Сүлейменова, Р.А. Авакова және т.б. қатысты;
  • · АCTR/ACCELS "Six Language Test Development Project Kikongo / Hausa / Yoruba / Kazakh / Uzbek / Tajik" халықаралық жобасы; орындау мерзімі – 2008-2009; жұмыс тобы – Э.Д. Сүлейменова, Д.Х. Ақанова, Д.А.Қарагойшиева, Ж. Күзембекова;
  • · "Русский мир" қорының «Создание комплекта адаптированных учебных пособий по морфологии русского языка для филологических специальностей университетов Республики Казахстан» атты халықаралық жобасы; орындау мерзімі – 2008-2009; жоба жетекшісі – Э.Д.Сүлейменова; жұмыс тобы – О. Алтынбекова, Л. Екшембеева, З.Сабитова, Ю. Куличенко;
  • · "Создание и адаптация учебников по русскому языку и литературе" халықаралық жобасы; грант беруші – «Санкт-Петербургский государственный университет» федеральдық мемлекеттік жоғары кәсіптік білім беру мекемесі; орындау мерзімі – 2007-2008;
  • ·