Кафедраның тарихы

Қатты дене физикасы және бейсызық физика кафедрасы2011 жылы екі кафедраның яғни, қатты дене физикасы және материалтану кафедрасы менбейсызық физика және электроникакафедраларының бірігуімен құрылды.

Қатты дене физикасы және материалтану кафедрасы 1967 жылы М.И.Корсунскийдың бастамасымен құрылған. 1974 жылдан 2008 жылға дейін кафедраны М.И.Корсунскийдың шәкірті және ізбасары, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, физика-математика ғылымының докторы, профессорШ.Ш.Сарсембиновбасқарды.

Бейсызық физика және электроника кафедрасы 2000 жылы құрылды. Негізін салушы және кафедраның бірінші меңгерушісі физика-математика ғылымының докторы, профессор З.Ж.Жанабаев болды. 2011 жылы қайта құрылымға байланысты бейсызық физика кафедрасы қатты дене физикасы мен материалтану кафедрасымен бірігіп, қатты дене физикасы және бейсызық физика кафедрасы деп аталынды.

Корсунский

Қатты дене және материалтану кафедрасы 1967жылы негізі қаланды. Негізін салушы - академик М.И. Корсунский. Моисей Израилұлы К. Рентген және А.Ф. Иоффе шәкірті болды. Оның ғылыми-зерттеу аймағы өте кең болды: рентген сәулелерінің физикасы, молекулалық физика, атом ядпосының физикасы, электронды оптика және қатты дене физикасы.

1974-2008 жылдар аралығында кафедраны М.И. Корсунскидин ізбасары ҚР Ұлттық ғылым академигі, физика-математика ғылымының докторы, профессор Ш.Ш. Сарсембинов басқарды. Ол Қазақстанда кристалдық емес шалаөткізгіштер физикасы бойынша ғылыми мектепті құрды.Қатты дене физикасының бұл облысында ол жаңа ғылыми бағыт құрды: кристалдық емес құрылымы бар шалаөткізгіштердің электрондық құрылысын басқару, және өзінің шәкірттерімен біріге отырып кристалдық емес шалаөткізгіштердің электрондық құрылысының модификациясының негізін қалады.

2008 - 2010 ж.ж. кафедраны доцент Алиев Баходир Азимджонович басқарды.

Электроника және бейсызық физикасы кафедрасы 2000жылы ұйымдастырылды. Негізін салушы және арғашқы орынбасары физика-математика ғылымының докторы, профессор З.Ж. Жанабаев болды. Ғылыми қызығушылық облысы: турбуленттілік физикасы, ақпарат және синергетика теориясы.

Кафедрада материалтану, нанотехнология, радитехника, электроника және телекоммуникациялар, физика және астрономия саласында қазіргі заманға сай жоғары білікті мамандарды даярлайды.

Студенттер білім қорын кеңейтумен қатар, қарқынды дамып жатқан қоғамдық, экономикалық ортада өз білімдерін пайдалана отырып, бәсекеге қабілетті жаңа өнімдер мен қызметтерді ойлап табуға бейімделеді.

Оқу үрдісі ғылым, өндіріс және педагогика саласында мол тәжірибеге ие жоғарғы білікті мамандармен қамтылған. Олардың ішінде физика және техникалық бағыттар бойынша жұмыс істейтін ғылым докторлары және кандидаттары, профессорлар, доценттер,PhD, магистрлер бар. Стунденттерді оқытуға республикамыздағы және шет елдердегі алдыңғы қатарлы ғалымдар үлес қосады.

Томск политехникалық универсиетімен бірігіп жасалатын тәжірибелер мен дипломдық жұмыстарды жазу қарастырылған. Кафедра оқытушылары ұлттық және жалпы факультеттік базалар негізінде арнайы курстар өткізеді.

  • Ашық типтегі ұлттық нанотехнологиялық лаборатория ашылды;
  • Инженерлік профилдағы нанотехнологиялық лаборатория;
  • Құрал жасау оқу лабораториясы;
  • Сызықтық жылдамдық лабораториясы.