Әлеуметтік-тәрбиелік қызмет

 «Тіл – достықтың алтын көпірі» 26.09.2019 «Айналаңды нұрландыр!» бағдарламасы бойынша Қазақстан халықтарының тілдер күні мерекесі құрметіне «Тіл – достықтың алтын көпірі» атты мерекелік іс-шара өтті. Қатысушылар: «Материаотану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығының 1-4 курс студенттері. Ұйымдастырушылар: Қатты дене және бейсызық физика кафедрасының оқытушылары Ташкеева Г.К., Суюндыкова Г.С., Нұрболат Ш.Т., Мигунова А.А., Михайлова С.Л.
«Ынтымақ – достық кепілі»  30.04.2019

Физика-техникалық факультетінің, қатты дене және бейсызық физика кафедрасының «Физика және Астрономия» мамандығы студенттерімен «Айналаңды нұрландыр», «Рухани жаңғыру» бағдарламалары аясында «Ынтымақ – достық кепілі» ашық куроторлық сағаты өтті.

Организаторы мероприятия: куратор-эдвайзерлер Қаламбай М.Т., Алимова М.А., Амантаева А.Е, Субебекова Г.Р., оқытушы, докторанттар: Икрамова С.Б., Исимова А.Т., Ханиев Б.А., Толегенова А.А., Құттыбай Н.Б., Ибраимова А.Т., Өтебай А.Б., Муханова А.Қ., Ахтанов С.Н.

«Greencampus» 03.04.2019

03.04.2019ж.  қатты дене және бейсызық кафедрасының оқытушылары мен «РЭТ» мамандығының 1-курс студенттері «Greencampus», «Айналаңды нұрландыр!», «Рухани жаңғыру» жобасының аясында кафедраны гүлмен безендіру іс-шарасына қатысып, кафедраны гүлмен безендіруге өз үлестерін қосты. 

Қатысқандар: куратор-эдвайзері Муханова А.Қ., оқытушылар: Демесинова А., Қаламбай М.Т., Алимова М.А., Серикбаев А.А, Агишев А.Т., Ханиев Б. А.  және «РЭТ» мамандығының 1-курс студенттері.

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті 

"GOLDEN VOICE"

22.02.2019 ҚазҰҚПУ-де Алматы қаласының университеттерінің студенттері арасында "GOLDEN VOICE" ән байқауы өтті. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, физика-техника факультетінің «Физика және астрономия» мамандығының студенті Базарбаева Аружан опера бағыты бойынша жүлделі 1-ші орынға ие болды.
Куратор-эдвайзер: Алимова М.А.

Ғ.Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театры

 «Мен ұмыта алмаймын»

09.02.2019 9 ақпан күні «Физика және Астрономия» мамандығының 1курс студенттері мен куратор-эдвайзері Сүбебекова Гүлнүр Ғ.Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театрына барып «Мен ұмыта алмаймын» атты қойылымын тамашалап қайтты.
 Ғ.Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театры

 «Мен ұмыта алмаймын»

09.02.2019   Ақпанның 9-ы жұлдызында студенттермен Ғ.Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театрына бардық. Көрермен назарына «Мен ұмыта алмаймын» атты Мұқағали Мақатаевтың өмір-баяны негізінде қойылымы ұсынылды. Қойылым көрермендерге, студенттерге ұмытылмас сезім қалдырды. Студенттер тарихқа көз жүгіртуімен қоса, тәлім-тәрбие жағынан да әсер алды.
Қатысқандар: куратор-эдвайзері Муханова А.Қ. және «РЭТ» мамандығының 2-курс студенттері.

 М.Әуезов атындағы театр «Сыған серанадасы» 07.02.2019 

Халқымыздың көрнекті ақыны, әншісі, қоғам қайраткері Шәмшә Қалдаяқовтың 89 жылдығына байланысты М.Әуезов атындағы қазақ драма театрнда "Сыған серанадасы" атты мюзикл-спектакль өтті. Университетіміздің физика-техникалық факультетінің "Физика және астрономия" мамандығының 1 курс 127 тобы барып ерекше әсерге бөленіп қайтты. Жастар жылында рухани байлығын арттыру мақсатында барған студенттер мюзикл-пектакльдің алғашқы минуттарында-ақ көздеріне сағыныш жасын алды.  Жараталыстану бағытында оқитын студенттер үшін бұл ой сергітудің биік шындарының бірі болды. 

Куратор-эдвайзер: Алимова М.А., топ көсбасшысы Әмит Асылзат.

 


 М.Әуезов атындағы театр «Анна Каренина»

03.02.2019  3 ақпан күні «Физика және Астрономия» мамандығының 1курс студенттері мен куратор-эдвайзері Амантаева Айнаш М.Әуезов театрына барып «Анна Каренина» қойылымын тамашалап қайтты.  
Желтоқсан-тәуелсіздік шежіресі 11.12.2018 «Айналаңды нұрландыр», «Рухани жаңғыру» бағдарламалары аясында «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша білім алып жүрген студенттер мен эдвайзері Муханова А.Қ. және оқытушылар Икрамова С.Б., Қызғарина М.Т., Исимова А.Т.,  Алимова М.А., Ханиев Б. ұйымдастыруымен «Желтоқсан-тәуелсіздік шежіресі» атты ашық кураторлық сағаты өткізілді.
ААМЖЗ-на экскурсиясы
24.10.2018 «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығының 2-4 курс студенттері үшін Алматы ауыр машина жасау зауытына оқу-танысу экскурсиясы өтті. Студенттер құймалар және үлгі-құйма өндірістің қоспаларды қалыптау процесінен, құйма-модельді құрал-жабдықтарды дайындаудан ортадан тепкіш құюға дейінгі жұмысымен танысты. Ұста престеу цехында олар дайындамаларды ыстықтай қалыптау процесін байқады. Студенттер термиялық өңдеу учаскесінің жұмысына, механикалық құрастыру өндірісінің тіс кескіш жұмыстарына ерекше қызығушылық танытты
Ұлттық тәлім, салт-сана сабағы 06.04.2018

Тек адамзат қана емес, табиғаттың да жасарып, бой түзейтін шағы -Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында физика-техникалық факультетінің «Физика және астрономия» мамандығы бойынша білім алып жүрген студенттер мен аға оқытушы Ташкеева Гульмира Қанатбековна мен эдвайзері Толегенова Ақмарал Алибековнаның ұйымдастыруымен «Астраномдар ауылында-Наурыз той!» атты кеш өткізілді.

Кешті ұйымдастырудағы мақсат: амандық-саулық, ақ тілек, меймандостық, жалпы ұлтымызға тән тамаша сән-салтанатымен, думанды тойымен, ән-жырымен паш етілетін Наурыз мейрамының қалай өткізілетіні, мейрам кезінде болатын, қазір ұмытыла бастаған салт-дәстүрлер мен ұлттық ойындар туралы айту. Кеште Наурыз мейрамының қалай және қашан пайда болғаны – физика мен астрономия саласы жағынан түсіндірілді. Студенттер өздерінің би, ән-жырларымен кешке келген қонақтардың жүздеріне күлкі сыйлап, ұйымшылдықтарын көрсетіп, ақ дастархан жайды. Жастарымыздың жаңа жыл - Наурыз мерекесінің қарсаңында осындай кеш ұйымдастырып, ұмытыла бастаған салт-дәстүріміз бен ұлттық ойындарымыздың жандануына кішкене болса да үлес қосып жатқандарын көріп қатты қуандым...

Дені саудың – жаны сау

02.05.2017

Спорттың адам өмірінде алатын орыны маңызды екенін барлығымыз білеміз. Осы мақсатта «Салауатты өмір салты» жобасының аясында физика-техника факультетінің, қатты дене физикасы және бейсызық физика кафедрасының оқытушылар екі жыл қатарынан студенттер арасында футболдан жарыс ұйымдастырып келе жатыр. Біздің мақсатымыз студенттерді салауаттылыққа ынталандыру. Мұндағы негізгі идея студенттерді уақыттарын бос өткізбей, дене тәрбиесі және спортпен айналысуды насихаттау. Себебі, елді ертен ілгері апаратын – салауатты, білімді жастар. Аталмыш жарыста «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» және «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» «Физика және Астрономия» мамандықтарының студенттері бой көрсетті. Осы жылы өткен жарыста бес команда қатысты. Студенттер спортқа деген қызығушылықтарын, мықтылықтарын және шыдамдылықтарын көрсете алды. Командалар ойынды өте қызықты өткізді. Өткен жарыстың нәтижесі бойынша жүлделі орынды «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығының 1 курс студенттері алды, күміс жүлдегерлер «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығының 229 топ студенттері жеңіп алды, 3-ші орынға «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығының 223 топ студенттері жайғасты.

Келесі жылы, аталмыш жарыс түріне қатысушылар саны арта түседі деп сенеміз. Жарысқа қатысқан және себепші болған студенттерге алғысымызды айтамыз. Болашағымызды бүгіннен бастайық.