Докторантура

 

Докторантураға тиісті мамандықтар бойынша жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасын игерген азаматтар қабылданады. 

Докторлық бағдарлама бойынша ғылыми және педагогикалық магистратура бағдарламаларын аяқтаған түлектер үшін оқыту жүргізіледі. 

Оқу мерзімі - 3 жыл. 

Докторантура білім берудің ғылыми-педагогикалық бағыты бойынша жүзеге асырылады және тереңдетілген мамандандырылған кәсіптік оқытуды қамтамасыз етеді, бұл түлектерге кейіннен ғылыми, педагогикалық, басқарушылық және сараптамалық қызметпен айналысуға мүмкіндік береді. 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да докторантурада ғылым мен практиканың басым бағыттары бойынша жетекші мамандардың жетекшілігімен университеттің ғылыми-зерттеу жобаларына қатысу белсенді ғылыми-зерттеу жұмыстары қарастырылған. 

Докторлық білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру университеттің алдыңғы қатарлы шетелдік білім беру және ғылыми ұйымдармен тығыз байланыста жүзеге асады.

 

Мамандықтар: 

 

6D071000 - Материалтану және жаңа материалдардың технологиясы

6D074000 - Наноматериалдар және нанотехнологиялар

6D071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникация

6D061100 - Физика және астрономия