Бакалавриат

 

Кафедра материалтану және нанотехнология, радиотехника, электроника және телекоммуникация, физика және астрономия салаларында заманауи талаптарға жауап беретін жоғары білікті мамандарды дайындайды. Білім алушыны тек білім сапасымен ғана емес, сондай-ақ серпінді өзгеретін әлеуметтік-экономикалық жағдайларға мобильді бейімделуге және жаңа бәсекеге қабілетті өнімдер мен қызметтерді құру кезінде білімдерін қолдануға мүмкіндік беретін бірқатар негізгі құзыреттермен қамтамасыз етуді мақсат етеді. Оқу үдерісінде ғылыми, білім беру және өндірістік қызметтегі мол тәжірибесі бар жоғары білікті оқытушылар бар. Олардың қатарында физика-техникалық саладағы ғылым докторлары мен ғылым кандидаттары, профессорлар, доценттер, докторанттар, магистранттар бар. Біздің республикамыздың және шетелдің жетекші ғалымдары студенттерді оқытады.

Мамандықтар:

 

5В071000 – Материалтану және материалдардың жаңа технологиясы 

5В071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

5В061100 – Физика және астрономия

6B07109 Өндірістік электроника және басқару жүйелері