Марапаттаулар мен кафедра жетiстiгi

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған «MEN ZHASTARGA SENEMIN!» студент жастардың ІХ республикалық форумында «Еліміздің инновациялық дамуына менің қосқан нақты үлесім» студенттік әлеуметтік маңызы бар инновациялық жобалар байқауында ІІІ орынға ие болғаны үшін Орынбасар Саят марапатталды.

   

 

 

Қожағұлов Е.Т. және Исмаилов Д.В. Мәскеу мемлекеттік университетінде, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясында өткен «Ғылымда бастаңыз» студенттердің ғылыми-шығармашылық жұмыстары VIII Халықаралық байқауына қатысқаны және жас зерттеушілерді дайындағаны үшін І дәрежелі дипломдармен, сонымен қатар Сократ пен Исаак Ньютон медалімен марапатталды

Аймақтық Менеджмент Академиясы Төралқасының 2020 жыл 28 ақпандағы шешімімен Данияр Валерьевич Исмаилов

“Техника және технологияның дамуына қосқан үлесі үшін” Н. Тесла атындағы Алтын медалімен марапатталады
 «Университеттің үздік оқытушысы-2019» атағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық конкурстық комиссияның 2019 жылғы 27 желтоқсандағы шешімімен Ибраимов Марғұлан Қасенұлына берілді

 

Конкурстың нәтижелері бойынша 2019 жылдың 6 желтоқсанында Нұр-Сұлтан қаласында, Исмаилов Д.В. «Үздік жас маман -2019» медалімен және 1 дәрежелі Дипломмен марапатталды
 Байқау нәтижелері бойынша, «Ғылым саласындағы мемлекеттік сыйлықтар және мемлекеттік ғылыми стипендиялар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 4 желтоқсандағы бұйрығымен Мемлекеттік ғылыми стипендия жетекші ғалым - профессор Г.Ш. Яр-Мұхамедоваға берілді
2018 жылдың 12-ші сәуірінде «Фараби-Әлемі» бизнес-инкубаторы, «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығының 2 курс студенттері Омаров Рашид және Қазыбеков Мейіржан «Smart Gas Sensor» жұмысына 2 орын алды. Суретте: жобаның ғылыми жетекшісі М. Ибраимовпен бірге
2018 жылдың 9-10 сәуірінде «Фараби Әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясының қорытындысы бойынша 2-ші курс магистранты Нұрболат Шырын «TiO2 және ZnO наноқұрылымдалған материалдардың синтезі және фотокатализдіқ белсенділігі» атты баяндамасымен, ғылыми жетекшісі К.Калкозовамен
 

2018 жылдың 28-30 наурызы Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың ІІ кезеңі

Материалтану бойынша:

І орын - Бауыржан Гүлдана (ҚазҰУ)

II орын - Распутина Василина (ҚазҰТЗУ), Махмутов Руслан (ҚазҰУ)

ІІІ орын - Абдуллаева Жанель (ҚазҰУ), Оңғарова Ақмарал (ҚазҰТЗУ), Мұнайтпас Назым (ҚазҰУ)

Физика және астрономия:

I орын - Абдраманова Амина

II орын - Оразбаева Жаннұр, Сапарәлі Әділет

III орын - Бегалы Зере, Демесін Назира, Орақбаева Балауса

           
 

2017 жылы 22 желтоқсанда физика және технология факультетінде сертификаттар тапсыру рәсімі өтті:

Студенттер мен жас ғалымдарға арналған 150 стипендияға 18 стипендия,

Халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу үшін 30 стипендия.

Жалпы сомасы 18,2 млн. Теңге

Бөлім қызметкерлері: Төлегенова А., Хохлов С., Секербаев К., Мархабаева А., Жапашов Н., Ермұхамед Д.

2017 жылы 29 мамырда: Номиналды стипендияларды әкімшілендіру

ҚДФБФК түлектері 3 миллион теңгеден жоғары академиялық және ғылыми жетістіктерге арналған атаулы стипендияларды ашты

Материалтану және жаңа материалдар, наноматериалдар және нанотехнологиялар мамандығы бойынша академик Сәрсембинов Ш.Ш. атындағы 200 000 теңге көлемінде стипендия тағайындалды.

Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандығы бойынша 200 мың теңге И. Пригожин атындағы стипендия

Академик Р. Сағдиев атындағы стипендия 200 мың теңге Физика және астрономия