Магистратура

 

Оқу мерзімі: 2 жыл.

Оқу бітіргеннен кейін: жоғары оқу орындарында оқытушылық қызмет етуге құқылы.

Академиялық дәрежесі: техника ғылымдарының магистрі (Master of Science, MSc).

 

Ғылыми-педагогикалық магистратура жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына жатады да, елдегі ғылым саласы мен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің кадрларын даярлауға бағытталған. Магистратураға жоғары оқу орнын бакалавриат бағдарламасы бойынша тәмамдаған тұлғалар ғана түсе алады және ол өз өмірлерін ғылым мен білім саласына арнағысы келетін студенттерге арналған.

Бағдарламаның ерекшелігі – ғылыми-педагогикалық сала бойынша тереңдетілген білім беру. Мұнда оқитындар кәсіби біліммен қатар жаһандық ой-өрістерін кеңейтіп, жалпы ғылымдық тәжірибелерін арттырады, тығыз қарым-қатынас жасауға машықтанып, сыни көзқарастарын ұлғайтады.   

Бағдарламаның тағы бір ерекшелігі – ғылыми зерттеулерге, қазіргі заманғы ғылыми және практикалық мәселелердің шешімін дұрыс табуға, сондай-ақ ғылыми-зерттеулік және басқарушылық қызметке баса назар аударылады. Бағдарлама аясында ғылыми жобаларға қатысу, шетелдік университеттермен тәжірибе алмасу мүмкіндіктері бар, мұның бәрі өз кезегінде жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін ғылыммен шұғылдануға одан әрі жол ашады. 

Ғылыми-педагогикалық магистратура түлегі іргелі ғылыми және кәсіби дайындықтан өтіп, қазіргі заманғы технология түрлерін меңгеруге тиіс және өз саласының білімдары бола білуі керек. Теориялық курстан толық өтіп, диссертациясын қорғағаннан кейін магистрант магистр дәрежесімен бірге берілетін диплом алады. 

Мамандықтар:

 

6M071000 - Материалтану және жаңа материалдардың технологиясы
6М074000 - Наноматериалдар және нанотехнологиялар
6М071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникация
6М061100 - Физика және астрономия