Жаңалықтар

Жұбанова Ажар Ахметқызының 70 жылдығына арналған конференция басталды

05.04.2011

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия факультетінде белгілі ғалым-микробиолог, Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары Академиясының академигі, биология ғылымдарының докторы, профессор Жұбанова Ажар Ахметқызының 70 жылдығына арналған «Биотехнологиялық зерттеулердің қазіргі жағдайы және жетістіктері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр.

Ғылыми-тәжірибелік конференцияға отандық және шетелдік биотехнология, химия, экология саласының ғалымдары және студенттер қатысуда.

Ары қарай оқу >>

Журналистика факультетінде дөңгелек үстел өтеді

04.04.2011

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетәінде 6 сәуірде Алматы қаласы әкімдігінің және республикалық ақпарат құралдарының қолдауымен “Баспа мамандарын даярлау және жұмыспен қамтамасыз ету мәселелері” атты алқасөз өтеді. Алқасөзге “Қазақ энциклопедиясы”, “Мектеп”, “Білім”, “Ана тілі”, “Жазушы”, “Жалын” және “Көкжиек” баспаларының директорлары бас редакторлары келіп қатысады.

Сонымен қатар республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, баспагерлер, полиграфистер, кітап басу, тарату ісінің мамандары бас қосады.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-дағы сайлау учаскелерінде 97%-дан аса сайлаушылар дауыс берді

03.04.2011

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі №186 және №187 сайлау учаскелерінде 97%-дан жоғары көресткішпен дауыс берілді.

Сайлау учаскелерінде дауыс беруші үшін барлық жағынан қамтамасыз етілген, арнайы сайлау бақылаушылар тарапы дайындықты өте жақсы бағалады.

Ары қарай оқу >>

Студенттердің сайлауда белсенділігі жоғары

03.04.2011

Бүгін, 3 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр. Таңғы 7-ден бастап №186 және №187 сайлау учаскесінде дауыс беруге келген студенттер қауымы белсенділік танытып отыр.

Ары қарай оқу >>

Биологтар наурыз мерекесін атап өтті

02.04.2011

1-сәуірде биология факультетінің №7 жатақханасында «Армысың, әз Наурыз» атты мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік шараны факультеттеттің зоология және гистология кафедрасы мен Студенттер кеңесі ұйымдастырды.

­­­­­­­­­­­«Парасат» кәсіподағының төрағасы Т.К.Мекебаев, Студенттер қалашығының меңгерушісі Ә.Ә.Сейітжанов, биология факультетінің деканы Т.М.Шалахметова, деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.Б.Есімсейітова және факультеттің оқытушылары мен студенттер мерекелік дастарханда бас қосып, өзара жылы лебіздерімен бөлісті.

Ары қарай оқу >>

Барбара Томас Джаджтың көшбасшылық дәрісі

02.04.2011

4 сәуірде сағат 11.00-де ректораттың мәжіліс залында (15 қабат) Барбара Томас Джадж ханымның көшбасшылық дәрісі өтеді. Кездесуге университеттің департамент басшылары, білім және ғылым саласының қызметкерлері, оқытушылар мен студенттер қатысады.

Ары қарай оқу >>

ҚР ЖОО арасында бадминтоннан VI жазғы Универсиада өтеді

02.04.2011

5 сәуірде сағат 13.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың спорт кешенінде ҚР жоғары оқу орындары арасында бадминтоннан VI жазғы Универсиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

4-10 сәуірде өтетін жарысқа Алматы, Қарағанды, Қостанай, Өскемен, Павлодар және Орал қалаларының ЖОО-нан 12 құрама командалары қатысады.

Ары қарай оқу >>

«Егеменді Қазақстанның Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі» атты халықаралық конференциясы

02.04.2011

15 сәуір күні сағат 10.00-да әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінде НАТО жөніндегі ресурстық және ақпараттық орталығы мен Қауіпсіздік және әріптестік мәселелер жөніндегі институтының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған «Егеменді Қазақстанның Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Ары қарай оқу >>

Қазақ халқының әдет-ғұрпы

02.04.2011

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарих факультетінде «Наурыз» мейрамы шеңберінде интеллектуалды дөңгелек үстел өтті. Талқыланған негізгі тақырып - «Қазақ халқының дәстүрлі өмір-тіршілік жүйесі».

Ары қарай оқу >>

Химия факультетінің студенттері көркем әйнек көрмесіне қатысты

02.04.2011

31 наурыз күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың химия факультеті бейорганикалық химия кафедрасының оқытушылары мен студенттері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Көркем витраж және мозаиканың қазіргі тенденциялары – 2011» атты көркем әйнек көрмесіне қатысты.

Көрмені ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы мен Алматы қалалық әкімдігі ұйымдастырды.

Ары қарай оқу >>