«Егеменді Қазақстанның Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі» атты халықаралық конференциясы

02.04.2011

Көрулер: 3074

15 сәуір күні сағат 10.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінде НАТО жөніндегі ресурстық және ақпараттық орталығы мен Қауіпсіздік және әріптестік мәселелер жөніндегі институтының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған «Егеменді Қазақстанның Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдарының өкілдері, отандық және шетел мамандары, үкіметтік емес ұйымдар мен ҚР-де аккредиттелген дипломатиялық миссияның өкілдері қатысады деп күтілуде.

Беделді ғалымдар мен мамандар Орта Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ықпалдастықтың тиімділігін арттыру мәселелерін талқылайды.

Конференция аясында «Орта Азия: қауіпсіздіктің аймақтық параметрлері», «ҚР-дың халықаралық және аймақтық қауіпсіздік құрылымдарымен ынтымақтастығы», «ҚР және НАТО ынтымақтастығы аясында Ауғаныстандағы жағдайды реттеу мәселелері», «Жаһандану үрдісінің қауіп-қатерлері және ҚР-дың ұлттық қауіпсіздік мәселелері» тақырыптары қарастырылады.

Қосымша ақпарат алу үшін:Әлия Ақатаева -87017893925, Әсия Күзембаева - 87051682026.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі