Жаңалықтар

«Ашық есік» күні өтті

01.04.2011

1 сәуір күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінде «Ашық есік” күні өтті. Оған Алматы қалалық № 88 жалпы білім беретін мектептің және №23, №35, №42, №73, №136, №139 мектеп-гимназиялары мен №40, №58, №167 орта мектептерінің оқушылары шақырылды.

Аталмыш іс-шараның негізінде жалпы және этникалық педагогика кафедрасы «Қазіргі кездегі психология ғылымы: даму келешегі және болмысы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Оған Абай ат. ҚазҰПУ профессоры, психол.ғ.д. О.С. Санғылбаев, ҚазМемҚызПУ психология кафедрасының меңгерушісі, психол.ғ.к., доцент Ж.Ж.Бейсенова, «Қайнар» университеті педагогика және психология факультетінің деканы З.Б.Мадалиева қатысты.

Ары қарай оқу >>

Дина Исабайқызының 80-жылдығына орай халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтті

31.03.2011

31-наурыз күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарих факультеті көрнекті қазақстандық тарихшы, ғылымды ұйымдастырушы профессор Дулатова Дина Исабайқызының 80-жылдығына орай «Бірінші Дулатова оқулары. Бүгінгі Қазақстан, Ресей және Орталық Азия елдеріндегі тарих ғылымы және тарихты оқыту» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясын өткізді.

Ары қарай оқу >>

Жалпыуниверситеттік «Ағылшын тілі мерекесі» мәдени іс-шарасы өтеді

31.03.2011

2011 жылғы 1 сәуірде, сағат 18.00-де Химия факультетінің Үлкен мәжіліс залында ҚазҰУ ректоры Ғ.М. Мұтановтың қатысуымен тілдік клубтардың жалпыуниверситеттік «Ағылшын тілі мерекесі» мәдени іс-шарасы өтеді.

Ары қарай оқу >>

«Студенттік жеке инвесторлар клубының» мүшедлері Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының мамандарымен алғашқы кездесуі болды.

31.03.2011

2001 жылдың 30-шы наурызында Экономика және бизнес жоғарғы мектебінде «Студенттік жеке инвесторлар клубының» мүшелері Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының мамандарымен алғашқы кездесуі болды. «Студенттік жеке инвесторлар клубының» негізгі мақсаты – ҚазҰУ – ің студенттері мен мұғалімдерінің қаржылық сауаттылығын арттыру.

Ары қарай оқу >>

Шығыстану факультетінің студенттері ҚХР ЖОО магистратурасының білім грантын иеленді

31.03.2011

2011 жылдың 30 наурыз күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті және Конфуций Институтының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы тәулсіздігінің 20 жылдық мерейтойына арналған Республикалық қытай тілі олимпиадасы өтті. Олимпиадаға еліміздегі жоғары оқу орындарындағы қытай тілі мамандығында оқитын 2, 3, 4-курс студенттері қатысты.

Бұл олимпиада Еліміздегі қытай тілін оқып үйреніп жатқан студенттердің тіл меңгеру деңгейін көтеру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың оқуға деген ынталары мен белсенділіктерін арттыру, сонымен қатар қытай тілін оқытып жатқан оқу орындары арасындағы байланысты нығайта түсу мақсатында ұйымдастырылды.

Арнайы шақырылған қонақтар қатарында ҚР-дағы ҚХР консулдығының мәдениет және білім саласын басқаратын вицеконсулы Gao chen мырза болды, сонымен қатар Синьхуа агенттігінің журналистері қатысты.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да “Студенттік көктем – 2011” көркемөнерпаздар байқауы басталды

29.03.2011

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған “Студенттік көктем - 2011” көркемөнерпаздар байқауы басталды. ҚазҰУ-дың Тіл және тәрбие жұмысы жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында өтіп жатқан өнер байқауында университеттегі факультеттер мен колледж студенттері өз шеберліктері мен таланттарын паш етті. Мұнда өнерпаздар түрлі халық биі, заманауи би, классикалық би, кешті жүргізу шеберлігі, ерекше өнер, авторлық шығармашылық сияқты өнер түрлерінен бақ сынасты.

2000-нан аса студент өнер көрсетіп жатқан байқауда ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнап авторлық өлең туындылары оқылды.

Ары қарай оқу >>

Делегаттар Бірінші проректор қабылдауында болды

29.03.2011

Ресей мемлекеттік гуманитарлық университет делегаттары ҚазҰУ-дың Бірінші проректорының қабылдауында болды.

2011 жылдың 29 жұлдызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінен келген делегациямен кездесу өтті. Делегация құрамында Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің кеңестік шет ел кафедрасының доценттері Ханова Ирина Евгеньевна мен Цвижба Лариса Исиновна. Қонақтарды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші проректоры, профессор Мұхамбетқали Бүркітбаев, оқу ісі жөніндегі проректор Гүлнәр Балақаева, тарих факультетінің деканы Жәкен Таймағанбетов, кітапхана директоры Гүлжан Мұсағалиева қарсы алды.

Ары қарай оқу >>

ҚР Президенті Жолдауына аясында ҚазҰУ-дың әлеуметтік жаңаруы

28.03.2011

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да “Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған “Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!” атты Жолдауы аясындағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әлеуметтік жаңаруы” тақырыбында оқытушылар мен студент жастардың активі өтті.

Жиынға студенттер, оқытушылар, куратор-эдвайзерлер мен Жастар ұйымдары және ҚазҰУ кәсіподағы, ақсақалдар алқасы қатысты.

Шара қатысушылары қазақстандық жоғары оқу орындарының ел модернизациядағы орны мен рөлін талқылды. Сондай-ақ, Студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының жұмыстары, студент жастардың көшбасшы болуы әрі әлеуметтік белсенділігі, студенттерге әлеуметтік тұрғыдан көмек көрсету мен әлеуметтік инновациядағы ҚазҰУ куратор-эдвайзер мектебінің үлесі сияқты өзекті тақырыптар да назарға алынды.

Ары қарай оқу >>

Бокстан ҚазҰУ-дың құрамасы Алматы қалалық құрамасынан басым түсті

28.03.2011

26 наурыздаҚазҰУ-дың Спорт кешенінде бокстан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Алматы қалалық құрама командалары арасында жолдастық кездесу болып өтті. Бұл спорттықкездесу Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналды. Шараны «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалы мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұйымдастырды.

Ары қарай оқу >>