ҚР ЖОО арасында бадминтоннан VI жазғы Универсиада өтеді

02.04.2011

Көрулер: 2820

5 сәуірде сағат 13.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың спорт кешенінде ҚР жоғары оқу орындары арасында бадминтоннан VI жазғы Универсиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

4-10 сәуірде өтетін жарысқа Алматы, Қарағанды, Қостанай, Өскемен, Павлодар және Орал қалаларының ЖОО-нан 12 құрама командалары қатысады.

Бадминтоннан ҚазҰУ-дың құрама командасында экономика және бизнес жоғарғы мектебінің бірінші курс магистранты, спорт шебері, ҚР Ұлттық құрама командасының мүшесі Данил Генин, физика факультетініңбірінші курс магистранты, ҚР спорт шеберлігіне үміткер Наталья Бондаренко, экономика және бизнес жоғарғы мектебініңбірінші курс магистранты, ҚР спорт шеберлігіне үміткері Рауан Данабаева және т.б.бар.

10 сәуірде сағат 13.00-де университеттің спорткешенінде ЖОО арасындағы бадминтоннан VI жазғы Универсиаданың салтанатты жабылу рәсімі өтіп, жеңімпаздар марапатталады.Жарыстың бас төрешісі ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Малик Бейсалиев.

2009 жылғы ҚР жоғары оқу орындары арасында өткен V жазғы Универсиадада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жалпы комадалық есептебірінші орынды жеңіп алған болатын.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі