Журналистика факультетінде дөңгелек үстел өтеді

04.04.2011

Көрулер: 2441

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетәінде 6 сәуірде Алматы қаласы әкімдігінің және республикалық ақпарат құралдарының қолдауымен “Баспа мамандарын даярлау және жұмыспен қамтамасыз ету мәселелері” атты алқасөз өтеді. Алқасөзге “Қазақ энциклопедиясы”, “Мектеп”, “Білім”, “Ана тілі”, “Жазушы”, “Жалын” және “Көкжиек” баспаларының директорлары бас редакторлары келіп қатысады.

Сонымен қатар республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, баспагерлер, полиграфистер, кітап басу, тарату ісінің мамандары бас қосады.

“Баспа мамандарын даярлау және жұмыспен қамтамасыз ету мәселелері” атты алқасөздің басты мақсаты журналистика факультетінің Баспа ісі және БАҚ дизайны кафедрасында маманданып жатөқан студенттерген тәжірибелік және теориялық білім беруде өзара әріптестікті нығайту. Баспагерлер, БАҚ өкілдері мен кафедра арасындағы байланысты дамыта отырып шәкірт шеберлігін арттырып, олардың болашақта өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасуына ұйытқы болуды көздейді. Сондай-ақ, осы алқасөз аясында болашақта “Баспагерлер форумы” немесе “Баспагерлер құрылтайы”, “Баспагерлер алқасы” сияқты орта қалыптастырып, өзара басқосуды дәстүрге айналдыру.

Бұл жиында баспагерлер алқасының құрамы анықталып, алқа басшысы тағайындалады. Сондай-ақ, баспагерлер мен факультет арасында маман даярлау, кәсіби шеберлік жетілдіру, жұмысқа орналастыру мәселелері қарастырылады.

Алқасөз барысында кітап көрмесі және саудасы, шеберлік сыныптар ұйымдастырылады.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі