Биологтар наурыз мерекесін атап өтті

02.04.2011

Көрулер: 2554

1-сәуірде биология факультетінің №7 жатақханасында «Армысың, әз Наурыз» атты мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік шараны факультеттеттің зоология және гистология кафедрасы мен Студенттер кеңесі ұйымдастырды.

­­­­­­­­­­­«Парасат» кәсіподағының төрағасы Т.К.Мекебаев, Студенттер қалашығының меңгерушісі Ә.Ә.Сейітжанов, биология факультетінің деканы Т.М.Шалахметова, деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.Б.Есімсейітова және факультеттің оқытушылары мен студенттер мерекелік дастарханда бас қосып, өзара жылы лебіздерімен бөлісті.

Мерекелік шарада «Қара жорға» биі биленіп, ұлттық салт-дәстүрлерден қойылымдар сахналанды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі