Қазақ халқының әдет-ғұрпы

02.04.2011

Көрулер: 2755

ҚазҰУ-дың тарих факультетінде «Наурыз» мейрамы шеңберінде интеллектуалды дөңгелек үстел өтті. Талқыланған негізгі тақырып - «Қазақ халқының дәстүрлі өмір-тіршілік жүйесі».

Арнайы шақырылған қонақтар Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының міндетін атқарушы, белгілі этнолог ғалым Рахым Бекназаров, этнология және антропология бөлімінің меңгерушісі, танымал этнолог ғалым Серік Әжіғали студенттерге қазақ халқының әдет-ғұрпы туралы қызықты деректерді баяндап берді. Бас қосуға археология және этнология кафедрасының танымал ғалымдары т.ғ.д., профессор Мадияр Елеуұлы Елеуов, т.ғ.к., доцент Бибизия Кенжебекқызы Қалшабаева, т.ғ.к., доцент Аманжол Боранбайұлы Қалыш, т.ғ.к., аға оқытушы Меруерт Қарпыққызы Егізбаева, т.ғ.к., доцент Сәуле Хамитқызы Шалғынбаева қатысты.

Кездесуде студенттер тарихи ескерткіштердің сақталуын, қазақ елінің әдет-ғұрпы және этно-генетикалық дамуы жөнінде көптеген қызықты мәліметтер жинаа алды.

С.Әжіғали, Р.Бекназаров сынды белгілі ғалым этнологтар өздерінің монографиялық ғылыми кітаптарын тарих факультетінің кітапханасына сыйлады. Жиын барысында жиналған қауым "наурыз" көжеден дәм татты.

ҚазҰУ-дың Археология және этнология кафедрасы