12 желтоқсанда Колумбия университетінің Global Classroom жобасы бойынша сертификаттарды ресми түрде табыстау салтанаты өтеді

9-жел-11

Көрулер: 2405

12 желтоқсанда сағ. 15.00-де, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ректорат мәжілісінде (әкімшілік ғимаратының 15-қабаты) Колумбия университетінің Global Classroom жобасы бойынша сертификаттарды ресми түрде табыстау салтанаты өтеді.


Қатысушы студенттер алдында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанұлы және АҚШ-тың Қазақстандағы бас консулы Майкл Сноуден құттықтау сөздерін айтады. Колумбия университеті (Нью-Йорк, АҚШ), Жер Институтымен бірлесіп ұйымдастырылған Global Classroom жобасы бойынша студенттерге сертификаттарды ресми табыстау салтанаты болады. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті делегациясының 10 қарашадағы Колумбия университетіне іссапары барысында екі жоғары оқу орындары аса маңызды құжатқа, яғни Ынтымақтастық жайында Меморандумға қол қойылды. Бұл тек аталмыш екі білім ордаларына ғана емес, сондай-ақ екі ел арасындағы әріптестік қарым-қатынастарына жаңа бастамашы күш болары сөзсіз екендігін атап айтуға болады .

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ АҚШ-тың жоғары оқу орындарымен білім және студенттермен алмасу саласында қызмет істейді, олардың арасында Аризона Университеті, Висконсин-Мэдисон Университеті, Канзас Университеті, Колорадо Университеті, Нью-Скул Университеті, Оклахома Университеті, Галвестондағы Техас Медициналық Университеті, Сан-Маркос Мемлекеттік Техас Университеті, Мемлекеттік Солтүстік Дакота Университеті, Покателло Университеттері бар.

Кездесу барысында Global Classroom жобасын ҚазҰУ-да әрі қарай дамыту мәселесі, сонымен қатар курс тыңдаушыларының Колумбия университетінде өтілімнен өтуі, студенттер және оқытушылар алмасу мәселелері талқыланады.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі