Қолданбалы Лингвистика және мәдениаралық коммуникация орталығы грантқа ие болды

15-жел-11

Көрулер: 2987

Қолданбалы Лингвистика және мәдениаралық коммуникация орталығы АҚШ Департаментімен қаржыландырылған English Access Microscholarship бағдарламасы бойынша 20000 $ грант ұтысына ие болды.

Бұл грант EAMP бағдарламасы бойынша Алматы қаласының студенттері мен оқушыларына Американың мәдениеті мен құндылықтары жөнінде ақпарат алуға, біліміндерін тереңдетуге, білімдік бағдарламаларға белсенді қатысуға мүмкіндік береді. Бағдарлама 3 бөліктен тұрады: ағылшын тілі үйрену курсы, мәдени іс-шаралар, жаздық тілдік лагері.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі