«Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл!»

15-жел-11

Көрулер: 2183

14 желтоқсан «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл!» атты тақырыпта биология және биотехнология факультеті биоалуантүрлік және биоресурстар кафедрасы доценті Н.З.Ахтаева мен оқытушы А.Т. Мамурова өздері кураторлық ететін топ студенттеріне мерекелік іс-шара өткізді. Бұл жолғы кураторлық сабақ жастардың көкжиегін кеңейту масақтында аудиториядан тыс мекенде орын алды. Іле-Алатау МҰТП Медеу филиалының ұйымдастыруымен Алматы қалалық жұмыспен қамту және «Әлеуметтік бағдарламалар басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Самал» Пансионатында жоғарыда аталған топ мерекелік іс-шара өткізді. Аталмыш іс шараны 2-курс студенттері Мерей Оразбекова мен Гүлназ Ахметова: «Құрметті көпті көрген қарттар және көреремендер еліміздің тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын! Бабалардың арманы, аналардың тілегі болған бақыт-тәуелсіздік жиырмасыншы ғасырдың аяқталар тұсында біздің маңдайымызға бұйырып, алақанымызға қонды. Азаттық деген осынау қасиетті ұғымды жақындату үшін талай ерлердің жаны қиылды. Мемлекетіміздің өсіп-өніп, шыңға жетіп өркендеуі – біздің жетістігіміз, халайық» деп салтанатты кешті ашық деп жариялады. Мерекеде өзінің жүрек жарды лебізін білдіру үшін ортаға доцент Н.З. Ахтаева, оқытушы А.Т. Мамурова эколог-ағартушы С.Қ.Сембаева шығып құттықтау сөз сөйледі. 2-курс студенті Уасила Жақсыбаева мерекеге деген лебізін «Анаға хат», «Ақ жайнақ» әнімен білдіріп, барша көрермендердің ықыласына бөленді. 2-курс студенттері Зауре Джексенова Зауре және Айгерім Қоңырбаева «Аққу», «Сирия» Кенжебек Жұлдыз «Хорезм» биімен мың бұрала билеп кештің көркін келтірді. 2-курс студенттері Мақсат Садықов, Талғат Айтылмұсқаров, Құндызай Қалмаханова, Элвира Султанбек, Айгерім Сабитова, Аяулым Давлетова «Қазақстанның 20 жылда жеткен жетістіктері» жайлы презентациялар, видиофильмдер көрсетті. Бүгін біз жеріасты байлығы мол, жер беті парасатты халыққа толы Қазақстан елі Тәуелсіздігінің 20 жылдығын зор салтанатпен атап отырмыз. Көк туын желбіреткен, Әнұранын шалықтатқан еліміздің барша азаматтарына береке-бірлік, жасампаз еңбек, толағай табыстар тілей отырып осындай бейбіт елдің қуанышына толы күндерінде қайта кездескенше қош айтыстық. Кеш соңында мерекелік іс-шараға өз үлестерін қосқандары үшін студенттерге Іле-Алатау МҰТП Медеу филиалы атынан арнайы алғыс хат тапсырылды.

Биология және биотехнология факультеті