Жаңалықтар

Жылдың үздік оқытушылары анықталды

09.01.2012

Өткен жылдың желтоқсан айының аяғында 2011 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын тағайындау жөніндегі республикалық конкурстың шешімі бойынша «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын иеленген республиканың ең үздік 200 үміткері арасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 32 ғалымының, соның ішінде философия және саясаттану факультетінің 7 профессорының «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауында үздіктер қатарына қосылып, мемлекеттік грантқа ие болуы біздер үшін мақтаныш, үлкен абырой! Бұл Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және бiлiм мен ғылым саласындағы көшбасшы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қолдауына ие болған оқытушылардың отанымыздың білімі мен ғылымын дамытуға қосқан үлестерінің жоғары бағалануы.

Ары қарай оқу >>

14 қаңтарда ҚазҰУ-дың туған күніне арналған дәстүрлі спорт жарыстары өтеді

09.01.2012

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Спорт кешенінің ғимаратында университеттің құрама командалары мен түлектер арасында матчтық кездесу өтеді.

Кездесу келесі спорт түрлерінен өткізіледі:

Ары қарай оқу >>

«Клубтардағы тәрбие жұмысының технологиясы» атты семинар-тренинг өтеді

06.01.2012

2012 жылғы 18 қаңтарда сағат 11.00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тәрбие жұмысы жөніндегі департаменті және Куратор-эдвайзерлер мектебінің ұйымдастырумен Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайының «Жастар рухани» орталығында факультеттердегі клубтар мен үйірмелердің жетекшілеріне арналған «Клубтардағы тәрбие жұмысының технологиясы» атты семинар-тренинг өткізіледі.

Ары қарай оқу >>

Куратор-эдвайзерлерге арналған семинар-тренинг өтеді

06.01.2012

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Тәрбие жұмысы жөніндегі департаменті және Куратор-эдвайзерлер мектебінің ұйымдастырумен 12-20 қаңтар аралығында факультеттердің куратор-эдвайзерлеріне арналған семинар-тренинг өткізіледі.

Семинар-тренинг тақырыптары:

Ары қарай оқу >>

«ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ» АНЫҚТАЛДЫ

05.01.2012

2011 жылдың 28 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Б.Т. Жұмағұловтың төрағалығымен 2011 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын тағайындау жөніндегі Республикалық конкурстық комиссияның отырысы өтті. Конкурстық комиссияның құрамына Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратының, білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының өкілдері кірді.

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын иеленген республиканың ең үздік 200 үміткері арасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 32 оқытушысы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауында жеңіске жетіп, мемлекеттік грантты жеңіп алды. Осылайша, біздің ұстаздар қара шаңырақ бiлiм мен ғылым саласындағы көшбасшы университет екенiн тағы бiр дәлелдедi.

2011 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын иеленген әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқытушы-профессорлар құрамы:

Ары қарай оқу >>

Қалқаман Жұмағұловқа «Ғұн мұрасын және Аттиланы зерттеуші-ғалым» құрметті атағы берілді

04.01.2012

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне Франциядан қуанышты хабар келді. 2011 жылдың 10 желтоқсаны күні Аттиланың жеке тұлғасын зерттейтін Францияның Аймақтық Ғылыми Ассоциациясы және Ассоциация Президенті Сильвэн Дютуа мен Ла Шепп қаласының мэрі Марсель Бонэ мырзалар университет профессоры Қалқаман Жұмағұлов мырзаға «Ғұн мұрасын және Аттиланы зерттеуші-ғалым» құрметті атағын беріп, Ассоцацияның мүшелігіне қабылдау құрметін көрсетті.

Ары қарай оқу >>

Семинары для ППС КазНУ в период зимних каникул!

04.01.2012

Уважаемые коллеги!


Предлагаем Вам принять участие в семинарах, организованных для ППС КазНУ, в период с 9 по 23 января 2012г. На семинарах будут рассмотрены следующие темы:

  • Личностно-ориентированный подход в обучении. Проблемный и проектный метод обучения

д.п.н., доцент Мынбаева А.К., к.п.н. Шагырбаева М.Д., к.п.н., доцент Касен Г.А, доценті, п.ғ.к. Әлқожаева Н.С., Жұмабекова Қ.Б., С.Ж. Даубасова

  • Взаимоотношения государства и религии
  • Религии в Казахстане
  • Толерантность и межконфессиональные отношения

Курманалиева А.Д , Бейсенов Б.Б.

  • Современные технологии разработки электронного учебного контента

Цой А.В. – директор центра дистанционного образования

Каждый семинар предполагает выполнение слушателями практического задания и выдачу сертификата об успешном окончании. По вопросам записи на отдельные семинары или весь цикл обращаться к заместителям деканам Вашего факультета.


Расписание семинаров

Ары қарай оқу >>

Жаңа жылда жаңа оқу ғимараты

29.12.2011

29 желтоқсанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар және шығыстану факультеттеріне арналған жаңа оқу ғимараттарының салтанатты түрде ашылуы болды.

Бұл іс-шараға университет ректоры, академик Ғалым Мұтанов, Алматы қаласының әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов және шетелдік компаниялар мен мәдени орталықтар, ҚР-дағы шетелдік дипломатиялық өкілдіктер жетекшілері, ғалымдар мен оқытушылар және факультет студенттері қатысты. Оқу ғимараттарының салтанатты ашылуында ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов: «Жақында ғана ел тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өттік, ұлы тойдың жалғасы ретінде университет оқытушылары мен студенттері жақсы көңіл күйде жаңа ғимаратқа еніп отыр. Үлкен бір ғимаратта екі факультеттің орналасып бір кластерлік жүйеге еніп отыр десек болады», - деген пікірімен бөлісіп, сондай-ақ жиналған қауымды жаңа жылмен құттықтады.

ҚР Білім және ғылым министрілігінң қолдауымен 1974 ж. құрылған 5-қабатты ғимаратқа 1,2 млрд. теңгеге қайта жөндеу жұмыстары жасалды. Толығымен: жұмсақ шатыр, су және жылу жүйесі, ауа алмастыру, кондиционер, телекоммуникациялық желі орнатылған, аумақ жақсы жабдықталған, ғимарат алдының барлығы жаңартылған. Ғимараттың жалпы көлемі 19 мың кв. м.

Ғимарат іші кең аудитория, дәріс залдары мен жұмсақ жиһаз және компьютерлік жабдықтармен, жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етілген. Онда дипломатиялық қызмет кабинеті, американдық, НАТО, Еуропа зерттеу орталықтары да жасалған. Осы орайда жаңа ғимараттың ашылуына арнайы келген қалалық әкім орынбасары Серік Сейдуманов: «Мұндай ғимаратты ашу үлкен мәртебе. Бұл ғимараттардың өзінен-ақ ҚазҰУ білім мен ғылымның алтын діңгегі екендігін айқындап тұр. Екі факультет қатар орналасқан жерде бәсекеге қабілеттілік те дами түседі деп сенемін. Осындай жағдайы жоғары оқу ордасында білім алып жатқан студенттер дипломатиялық қызметте өрлеп, елімізді шетелдерге мойындата берсін деген тілек айтамын», - деді.

Ары қарай оқу >>

Өнерлі студенттер Қытайға барып қайтты

28.12.2011

ҚазҰУ студенттері Ланджоу және Хайнань провинциясында өткен студенттік фестивальге қатысып қайтты.

Қытай Халық Республикасының Шанхай ынтымастық ұйымына төрағалығы шеңберінде «Тату көршілік және достық жылы» ұраны негізінде, 20-26 желтоқсанда Ланчжоу және Хайнань провинциясында ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің бірінші студенттік фестивалі өтті. Аталған іс-шараға Қазақстанның атынан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дан өнерлі студенттер қатысты.

Студенттерге университет ректоры Ғ.М.Мұтанов қолдау танытып, «Сұңқар» студенттер кәсіподағы қаржылай көмек көрсетті.

Делагацияны университеттің Тәрбие жұмысы жөніндегі департамент директоры Сәрсенбекова Гүлнар Әлібекқызы басқарып барды. Сонымен қатар Еңлік Қайырсынова (халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы), Зита Сванбаева («Қобыз» және «Домбыра» үйірмелерінің жетекшісі), Әлібек Мұхамеджанов (философия және саясаттану факультетінің 1 курс магистранты, домбыра үйірмесінің мүшесі, тенор домбыра, бас домбыра, гитара), Самал Жанатқызы (Экономика және бизнес мектебі факультетінің 1-курс студенті, әнші), Орынбасар Ташенов (механика-математика факультетінің 4 курс студенті, домбыра үйірмесінің мүшесі, тенор домбыра) барды.

Ланджоу университетінде үлкен концерт қойды. Онда біздің студенттермен қатар Ланчжоу университетінде оқитын қазақ және қытай студенттері өнер көрсетті. Концерттік бағдарлама бойынша 16 нөмердің 6 нөмерін Қазақ ұлттық университетінің студенттері қойды. Әнші Самал Жанатқызы Л.Хамидидің «Қазақ вальсі» әнін орындап, тамаша дауысымен жұртты таң қалдырды. Әлібек Мұхамеджанов, Орынбасар Ташенов және Зита Сванбаева үшеуі бірігіп, ансамбльмен Құрманғазының «Адай», Түркештің «Көңілашар», «Балбырауын», Нұрғиса Тілендиевтің «Махамбет» күйлерін, Ричард Клайдерманның «История любви» шығармасын орындады.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ профессоры америкалық журналдың редакция алқасына мүше болды

27.12.2011

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физика-техникалық факультеті қатты дене және бейсызық физика кафедрасының профессоры Ильин Аркадий Михайлович америкалық журналдың (American Journal of Condensed Matter Physics) редакция алқасы мүшелігіне енді.

Аталған басылым ғылымның іргелі «Физиканың конденсирленген күйлері» атты бағыты бойынша рецензияланатын ғылыми журнал болып табылады.

Ары қарай оқу >>