АҚШ-тың Бас консулы Майкл Сноуден студенттермен кездесті

13-жел-11

Көрулер: 2432

12 желтоқсанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінде Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы Бас консулы Майкл Сноуденмен кездесу өтті. «Талейран» Дипломатиялық клубы мен америкалықтар қауымдастығы аталмыш Елші сағатының ұйымдастыруға мұрындық танытты.

Кездесуде Бас консул мырза бүгінгі таңдағы халықаралық қатынастардың хал-ахуалына қатысты дәріс оқыды әрі бұл тұстағы тұрақты даму мәселесіне баса тоқталды. Кейін кездесудің барысы тыңдаушылардың арасындағы қызу пікірталасқа ұласты. Студенттер қонаққа өздерін қызықтырып жүрген академиялық жылдамдылық шеңберіндегі бағдарламалар, Орталық Азия аймағындағы халықаралық ұйымдардың маңызы, әрі Майкл Сноуденнің дипломат ретіндегі қалыптасуы туралы сұрақтар қоюға мүмкіндік алды.

М.Сноуден мырза Қазақстан Республикасының төл дипломаттарының жеке бас және кәсіби қасиеттеріне баса көңіл бөліп, үлгі етті және факультет қабырғасындағы барша студенттердің халықаралық қатынастар мамандығын игеруде зор табыстарға жетуіне тілектес екенін айтты.

Халықаралық қатынастар факультеті