Жаңалықтар

ҚазҰУ студенттері жеңіспен оралды

29.10.2012

2012 жылдың қазан айының 12-15 аралығында Талдықорған қаласында тоғызқұмалақтан Алматы облысының жастар арасындағы чемпионаты өтті. Осы аталған жарысқа әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері де қатысып, жеңіспен оралды. Олар Химия және химиялық технологиялар факультетінің 3-курс студенті Есіркепова Арайлым және ЭжБЖМ 2-курс студенті Сермағамбет Үміт.

Ары қарай оқу >>

Құрбан айтты атап өтті

26.10.2012

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, халықаралық білім беру департаменті жыл сайын студенттер дирекциясының директоры Әбдіқаһар Әнуарханұлы Сейтжановтың қолдауымен Ауғанстаннан келген студенттермен бірлесе отырып дәстүрлі түрде Құрбан айт мерекесін атап өтеді. Биыл да 26 қазан күні, №14 жатақханада құрбандыққа мал шалынып, құран оқытылды.

Ары қарай оқу >>

Білім сапасын арттыру жолдары қарастырылды

25.10.2012

25 қазан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Орта Азиядағы жоғары білім берудің дамуы: сапаны қамтамасыз етудің, ақпараттың және саралаудың маңызы» атты аймақтық форумы өз жұмысын бастады. Ұйымдастырушылар: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Алматыда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің және IREG Халықаралық академиялық саралау мен үстемділік жөніндегі обсерваториясы.

Ары қарай оқу >>

«Жасыл көпір» бағдарламасын қуаттады

25.10.2012

Елбасының бастамасымен, Қазақстан БҰҰ-ның Саммитінде «Ғаламдық энерго-экологиялық стратегия» және «Аймақаралық «Жасыл көпір» бағдарламасын ұсынғаны белгілі. Осы бағдарламаны іске асыруда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті белсенділік танытып келеді. Қазіргі таңда ҚазҰУ ағымдағы жылдың маусым айында Рио-де-Жанейрода «Рио+20» бағдарламасын тұрақты дамыту бойынша өткен БҰҰ Жаһандық саммитінде қабылданған «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» бөлігінде қарастырылған негізгі ережеге сүйене отырып «Green campus» жобасының бастамашысы болып отыр. Жоба аясында университет 24 қазан күні «Экологиялық күн» атты акция жариялады.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да «Түркілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесі» атты халықаралық ғылыми конференция өтті

24.10.2012

Конференцияда «Ғұндардың Еуразиядағы халықтардың ұлы қоныс аударуы кезеңіндегі ғұндардың материалдық мәдениеті» тақырыбындағы пленарлық баяндамамен ҚазҰУ-дың дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының меңгерушісі, профессор Қ.Т. Жұмағұлов белсенді түрде қатысты. Сонымен қатар, конференцияға Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Т. Омарбеков «Алғашқы түрік қағандарының мемлекет құруға байланысты әскери қызметі (V-VII ғасырлар)» баяндамасымен және профессор Б. Кәрібаев «Қазақ хандығының құрылу тарихының кейбір мәселелері» баяндамасымен қатысты.

Ары қарай оқу >>

«78 жылдықта 78 теңгемен түскі ас» атты әлеуметтік акцияға атсалысыңыз

23.10.2012

23 қазан сағат 12.00-16.00 уақыт аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Сұңқар» студенттер кәсіподағының бастамасымен «Біз-дұрыс тамақтануды қолдаймыз!» атты дәстүрлі өткізетін жоба аясында қара шаңырағымыздың 78 жылдық тарихына орай «78 жылдықта 78 теңгемен түскі ас» атты әлеуметтік акциясы өз жалғасын табады.

Ары қарай оқу >>

Біліммен мыңды мойындатқандар марапатталды

23.10.2012

22 қазан күні кезекті ректорат мәжілісі әдеттегідей, қуанышты жаңалықтармен басталды. Ресей Федерациясында 17 қазанда ЖМХҒА-ның 20 жылдығына арналған мерейтойлық медалімен ғылым мен білім беруді дамытуға қосқан ерен еңбегі үшін ҚазҰУ ректоры, академик Ғ.М.Мұтанов марапатталғанын ҚазҰУ атына Томск мемлекеттік университетінен келген сыйлықпен бірінші проректор М.М.Бүркітбаев таныстырды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да әлеуметік сақтандыру жүйесін жетілдіру және зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың тәртібі туралы талқыланды

23.10.2012

2012 жылғы 22 қазанда Тәрбие департаментінің ұйымдастыруымен биология факультетінде Алматы қаласы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау Департаменті Зейнетақымен қамтамасыз ету және әлеуметтік төлемдердің түрлері, олардың тағайындалуы жөнінде жалпылай түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында «Қазақстан Республикасындағы міндетті әлеуметік сақтандыру жүйесін жетілдіру және зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың тәртібі» атты тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге оқытушы-профессорлар, студенттер қатысып, өздерін толғандырып жүрген төңіректегі сауалдарына толық жауап алды.

Ары қарай оқу >>

Достық үйінде Қазақстан Республикасы мен Корей Республикасының дипломатиялық қарым-қатынастарының орнығуына 20 жыл толуына орай халықаралық конференция өтеді

23.10.2012

24 қазан күні сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Корейтану және жапонтану кафедрасы Кончжу ұлттық университетінің гуманитарлық зерттеу институтымен және корей әдебиеттану және сынау ассоциациясының бірлестігімен Қазақстан Республикасы мен Корей Республикасының дипломатиялық қарым-қатынастарының орнығуына 20 жыл толуына орай халықаралық конференция өткізеді.

Ары қарай оқу >>