«78 жылдықта 78 теңгемен түскі ас» атты әлеуметтік акцияға атсалысыңыз

23.10.2012

Көрулер: 1804

23 қазан сағат 12.00-16.00 уақыт аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Сұңқар» студенттер кәсіподағының бастамасымен «Біз-дұрыс тамақтануды қолдаймыз!» атты дәстүрлі өткізетін жоба аясында қара шаңырағымыздың 78 жылдық тарихына орай «78 жылдықта 78 теңгемен түскі ас» атты әлеуметтік акциясы өз жалғасын табады.


Еліміздің белді білім шаңырағы әл -Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарихына 78 жыл толса, 1999 жылдан бастап заңды мекемеге айналған «СҰҢҚАР» Студенттер кәсіподағына бүгіндері 13 жыл толып, өз жұмысын тиянақты атқарып келеді.

Кәсіподақтың негізгі мақсаты - ҚР заңына сәйкес әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенттерінің әлеуметтік-экономикалық және құқықтық мүдделерін, еңбек құқығы мен денсаулығын қорғау болып табылады. Сонымен қатар, еліміздің белсенді болашағын тәрбиелеуде түрлі мерекелік іс-шаралар, маңызды тақырыптарда дөңгелек үстелдер ұйымдастырады.

Әлеуметтік акцияның негізгі мақсаты - студенттеріміздің дұрыс тамақтануын қолдау және оны кеңінен насихаттау.

Студенттер үшін әрдайым қызмет ететін «Сұңқар» студенттер кәсіподағының белсенді мүшелері әлеуметтік акцияны Тамақтандыру комбинатында өткізеді (78 % шегеріліммен және 78 теңгеге түскі ас).