Құрбан айтты атап өтті

26.10.2012

Көрулер: 1874

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, халықаралық білім беру департаменті жыл сайын студенттер дирекциясының директоры Әбдіқаһар Әнуарханұлы Сейтжановтың қолдауымен Ауғанстаннан келген студенттермен бірлесе отырып дәстүрлі түрде Құрбан айт мерекесін атап өтеді. Биыл да 26 қазан күні, №14 жатақханада құрбандыққа мал шалынып, құран оқытылды.

Құрбан айт мейрамына Қазақстандағы Ауғанстан елшілігінің оқу-ісі жөніндегі хатшысы Мохаммад Ноким Акрами, Қазақстан халықтар ассамблеясының мүшесі, «Ариана» ауған орталығының төрағасы Ахмадулла Восток пен мәдениет бөлімінің меңгерушісі Абдул Рахман келді. Ахмадулла Восток Қазақстанда үздік оқып жатқан ауғанстандық студенттерді мақтау қағаз және сыйақымен марапаттады. Қасиетті мерекеге арналған іс шараны ұйымдастыруға ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің деканы Молдаханов Талғат Оразалыұлы, Халықаралық білім беру департаментінің директоры Молдағалиева Жазира Тұманбайқызы, департамент директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Әмірханов Марат Болысбекұлы, АИР студенттерінің аға кураторы Тастемирова Гүлшара Асылбайқызы, №14 жатақхана коменданты Абилова Гүлзат Абдувахитқызы, «Ариана» ауған орталығындағы студент жастар ұйымының жетекшісі, халықаралық қатынастар факультетінің 2 курс студенті Ахмад Вали Ахмад Яр ерекше атсалысты.

ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті