«Open Faculty» жобасы бойынша дәрістер оқылады
09.11.2012Құрметті «Open Faculty» жобасының тыңдармандары. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы ассоциациясының қолдауымен биология және биотехнология факультетінің (Бас оқу ғимараты 6, 4-ші блок), үлкен акт залында 10 қараша 2012 жылы сағат 11.00-де дәрістер оқылады: Айтаманова Лаура, Хамзина Назым, Мыхаев Азамат, Даников Азамат, АҚ «Еуразиялық банкі» «Future Twenty Five» бағдарламасы; Шанкозов Нурлан, АҚ «Қаржы орталығы, Білім беруді несиелендіру; Шильдибеков Ельнур, University of Sheffield, Қоғамдағы адам өміріне техника мен технологияның әсері.