ҚазҰУ студенттері жеңіспен оралды

29.10.2012

Көрулер: 2456

2012 жылдың қазан айының 12-15 аралығында Талдықорған қаласында тоғызқұмалақтан Алматы облысының жастар арасындағы чемпионаты өтті. Осы аталған жарысқа әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері де қатысып, жеңіспен оралды. Олар Химия және химиялық теъологиялар факультетінің 3-курс студенті Есіркепова Арайлым және ЭжБЖМ 2-курс студенті Сермағамбет Үміт.

Біздің студенттеріміз жоғары нәтиже көрсетіп, екеуі де 1-ші орын иеленді. Бұл жарыс 4-11 қараша күндері аралығында Шымкент қаласында өтетін тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының жастар арасындағы чемпионатының іріктеу ойындары болатын. Студенттерімізге алдағы уақытта да жеңіс тілейміз.

ҚазҰУ-дың спортклубы