Жаңалықтар

ҚазҰУ-да халықаралық конференцияда ХХІ ғасырдағы қақтығыстар сипатының өзгеруін талқылайды

15.10.2012

2012 жылдың 17-18 қазан күндері сағат 10.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болғанына 20 жыл толуына арналған «ХХІ ғасырдағы қақтығыстар сипатының өзгеруі» («The Changing Nature of conflict in the XXI century») атты халықаралық конференция ұйымдастырылады. Іс-шараны БҰҰ-ның қоғамдық ақпарат Департаменті және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Рухани жүздесу

15.10.2012

Қоғамға дінтанушылардың көмегі ауадай қажет. Ол үшін, алдымен, еліміздегі имамдардың сапасын арттыру қажет. Діни сауаттылықты арттыру өзекті мәселе. Дінтанушылар облыстарға барып жұмыс істеуі қажет. 15 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне оқытушы-профессорлар қауымымен және студенттермен арнайы кездесуге келген Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Қайырбекұлы Лама Шариф кездесуде осындай тақырыптарды көтерді. Ол бұл салада нәтижеге жету үшін дінтанушылармен қатар, әр азаматтың да жан-жақты белсенділік танытуын да алға тартты.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ профессоры Қ. Жұмағұлов ІХ-шы Халықаралық еуразиялық ғылыми форумға қатысты

15.10.2012

2012 жылдың 10-12 қазаны аралығында «Қазіргі тарихи жаңғыру жағдайындағы «Аттила тұлғасы» тақырыбында ҚазҰУ-дың дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының меңгерушісі, профессор, модератор Қ.Т. Жұмағұлов белсенді түрде қатысып, баяндама жасады. Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ-да ұлы ғалымның 100 жылдығы құрметіне өткізілген «Л.Н. Гумилев мұрасы және қазіргі еуразиялық ықпалдастық» аталған ІХ-шы Халықаралық еуразиялық ғылыми форумы өтті.

Ары қарай оқу >>

«Экологиялық факультет» атты байқау жарияланды

15.10.2012

ҚазҰУ «Green Campus» жобасы негізінде факультеттер арасында «Green Campus»жобасының студенттер қозғалысы негізінде Тәрбие жұмыстары бойынша Департаменттің және энергоэкология халықаралық кафедраның демеуімен «Экологиялық факультет» атты байқау жарияланады. Байқау өз ішіне бірнеше сатыларды біріктіреді:

Ары қарай оқу >>

Ең алғашқы велотұрақ!

13.10.2012

Бүгін университетіміздің студенттік өмірінде ерекше оқиға орын алды. Университет қалашығында студенттерге арналған тұрақта өндірістік және мәдени-тұрмыстық департаментімен алғашқы велотұрақ орнатылды. Бірінші велотұрақтардың сыйымдылығы – 8 велосипедті қамтиды. Дегенмен, сұраныстың артуына қарай, «Грин кампус» жобасының аясында олардың санының әлі көбейетіндігіне департамент директоры М.С.Нұрғазин кепілдік беріп отыр.

Ары қарай оқу >>

Адамдық қасиетке бай тұлға

12.10.2012

12 қазанда білім мен ғылымның қара шаңырағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне мүйізі қарағайдай ақын-жазушылар, әкімдер мен ректорлар, профессор-ғалымдар және алыс-жақын шетелдерден келген әдебиеттанушы ғалымдар Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті әдебиет сыншысы, Халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясының Құрметті академигі, Еларалық қоғамдық Айтматов академиясының академигі, Қазақстан Жазушылар Одағының Сәкен Сейфуллин атындағы сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, филология ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың құрметті кафедра меңгерушісі, белгілі жазушы Тұрсынбек Кәкішұлының 85 жасқа толу мерейтойы қарсаңында «Тұрсынбек Кәкішұлы және қазақ әдебиетінің тарихы мен сынын зерттеудің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда бас қосты.

Ары қарай оқу >>

Жазушы Әзілхан Нұршайықовтың 90 жылдығына орай байқау жарияланды

12.10.2012

Қазақ КСР-і Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының, А.А.Фадеев атындағы Бүкілодақтық сыйлықтың лауреаты, 2-дәрежелі Отан соғысы, "Құрмет белгісі", "Халықтар достығы", 3-дәрежелі "Даңқ" ордендері мен "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері, Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың 90 жылдық мерейтойына орай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы мен филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің қазақ филологиясы кафедрасы жазушының шығармашылығы бойынша студенттер арасында ең үздік шығармаға байқау жариялайды.

Ары қарай оқу >>

Д.Қонаевтың 100 жылдығына арналған іс-шара өтті

12.10.2012

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қонаев есімі Қазақстан халқымен бірге жасары анық, ақиқат. Ол кісі бәрімізге ұстаз болған ұлы адам», - деген болатын. Кемеңгер тұлғаның қазақ ұлтының сахнасында қалдырған ізі мен ел жүрегінде жатталған жылы бейнесі, көрегендігі мен ұлттық мүддені қырандай күзеткен болмысы бүгінде үлкен үлгіге айналған. Кемеңгер тұлғаның 100 жылдық мерей тойына орай Д.А.Қонаев оқулары аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультетінде ҚазҰУ-дың Тәрбие жұмысы жөніндегі департаменті және Д.А. Қонаев мұражайының ұйымдастыруымен «Елу жыл Ел ағасы» атты іс-шара өтті.

Ары қарай оқу >>

Көңілді таң!

12.10.2012

«Дені сау тән мәдениеті» бағдарламасының аясында, бүгін 12 қазан күні таңғы сағат 07.30-да Республика сарайының алдында өткізілген жаппай таңғы жаттығуға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың білімгерлері қатысты.

Ары қарай оқу >>