Жаңа маусымның чемпионаты сәтті өтті

29.10.2012

Көрулер: 2213

28 қазанда баскетболдан ҚазҰУ-дың ерлер құрама командалары арасында әуесқойлар лигасы Чемпионатының 2012-2013 жылғы маусымы сәтті өтті.

Жарыста университеттің құрама командасына қарсылас Қазақ-неміс университетінің командасы болды. Алаңда қатты бақталастық болмады, ҚазҰУ ойыншыларының дәрежесі басым болды. Кездесудегі есеп шот 66-17, бұл біздің ойыншыларымыздың жаңа маусымдағы бірінші жеңісі.

ҚазҰУ-дың спортклубы