7M07203 - Фармацевтикалық өндіріс технологиясы

ББ аты    

7М07203 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы

Білім беру саласы

7M07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

Оқыту бағыты

7M072 Өндірістік және өңдеу салалары

Білім беру бағдарламаларының тобы

7М07203 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы 

Оқыту тілі

Қазақша, орысша, ағылшынша

Кредиттер көлемі

120

Берілетін академиялық дәреже

«7М07203 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша техника және технологиялар магистрі  

Талапкерлер үшін

https://welcome.kaznu.kz/kz/education_programs/magistracy/speciality/2198

 

Осы білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін сіз: дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды әзірлеу, өндіру және тіркеу үшін кәсіби құзыреттілікті жетілдіруге, олардың сапасын, маркетингтік қызметін, стратегиялық жоспарлауды, фармацевтика саласындағы кәсіпорындардың инновациялық дамуын бақылау және қамтамасыз етге қабілетті маман бола аласыз.

Сіз үйренесіз:

  • ҚР МФ нормативтік талаптарына сәйкес дәрілік заттарды өндірудің технологиялық процесін, олардың құрылымының, химиялық қасиеттері мен биологиялық белсенділігінің өзара байланысын ескере отырып әзірлеуді, ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асыруды;
  • тиісті фармацевтикалық тәжірибелердің (GMP, GPP, GDP, GVP) талаптарына сәйкес инновациялық технологияларды пайдалана отырып, әртүрлі дәрілік формаларда дәрілік препараттар өндірісін ұйымдастыру, дәрілік заттардың (ДЗ) нормативтік құжаттамасын әзірлеу, өндіріс технологиясын валидациялау бойынша есеп жасауды және тұрақтылықты ортануды;
  • дәрілік өсімдік препараттарын (фитопрепараттарды) өндірудің неғұрлым ұтымды, экономикалық және экологиялық негізделген өндіру технологияларына салыстырмалы талдау жүргізуді.
  • жалған, сапасыз және контрафактілі дәрілік препараттарды анықтау және сапасын бақылау үшін, субстанциялар мен қосалқы заттарды сапалық және сандық анықтауға арналған заманауи физика-химиялық талдау әдістерін қолдануды;
  • ҒЗЖ, ҒЗТКЖ жүргізуден бастап оларды мемлекеттік тіркеуге дейінгі өндірістің негізгі кезеңдерін жүзеге асыра отырып, олардың әсер ету механизмін ескере отырып жаңа дәрілік субстанцияларды әзірлеуді;
  • жоғары оқу орнындағы педагогикалық қызметте фармацевтикалық өндірістің химиялық технологиясы саласындағы іргелі заманауи білім мен әдіснаманы қолдануды.

 

Сіздің мүмкін мамандықтарыңыз:

  • фармацевт (провизор) - дәрілік препараттар, қосалқы заттар және медициналық бұйымдар өндіретін кәсіпорындарда фармацевт-талдаушы, технолог;
  • фармацевт (провизор) - дәрілік препараттарды өндіруге нормативтік-құқықтық нормаларды сараптау және бақылауға, оларды тіркеуге және фармацевтикалық қадағалауға арналған ұйымдарда технолог;
  • фармацевт-талдаушы, фармацевт (провизор) - жаңа дәрілік препараттарды жетілдірумен және жасаумен айналысатын ғылыми-зерттеу зертханаларында технолог;
  • шығарылатын дәрілік препараттардың сапасын бақылауды, мониторингін қамтамасыз етумен айналысатын зертханаларда және басқа құрылымдарда фармацевт-талдаушы;
  • колледж оқытушысы;
  • ЖОО оқытушысы;
  • ғылыми қызметкер және т. б.

 

Сіз қайда жұмыс істей аласыз?

  • фармацевтикалық өндірістік кәсіпорындарда; 
  • дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарға (МБ) скринингтік және клиникаға дейінгі зерттеулер жүргізу жөніндегі зертханаларда;  
  • биологиялық қауіпсіз және тиімді дәрілік заттар (ДЗ) және МБ өндірісіне нормативтік-құқықтық нормаларды сараптау және бақылау, оларды тіркеу және фармацевтикалық қадағалау жөніндегі ұйымдық-басқару құрылымдарында; 
  • дәріхана желісінде рецепт бойынша ДЗ дайындауға және оларды жіберуге арналған, оларды басқару және маркетинг саласындағы кәсіпорындарда.
  • дәрілік заттар мен препараттарды скрининг, клиникаға дейінгі зерттеулер, әзірлеу, зерттеу, дайындау, стандарттау, сапасын бақылау, сақтау және өндіріске енгізу саласында маманданған оқу, ғылыми-зерттеу, өндірістік және басқа да ұйымдар мен кәсіпорындарда
  • консалтингтік және тауар тарату желілерінің мекемелерінде;
  • шетелдік фармацевтикалық компаниялардың өкілдіктерінде.

 

7М07203 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасын аяқтаған соң түлек «Химия», «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламалары бойынша магистратураға түсе алады.

 

Біліктілігі ұқсас мамандарға арналған бос жұмыс орындарының мысалдары (hh.kz, enbek.kz, 2023 ж. наурыз)

Бос жұмыс орны

Еңбекақы

Ұйым

Біліктілік міндеттері мен талаптары

Дәрілік заттарды тіркеу жөніндегі менеджер

Салықтар шегерілгенге дейін 270 000 KZT-ге дейін

DOSFARM ЖШС

Міндеттері:

  • дәрілік заттар (ДЗ) мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды (ММБ) тіркеу және қайта тіркеу;
  • ДЗ және ММБ тіркеуге өзгерістер енгізу;
  • ДЗ тіркеу бойынша бұйрықтарды және ҚР заңнамасын білу.

Талаптар:

  • жоғары білім (мүмкіндігінше медициналық және фармацевтикалық);
  • жоғары білім (жақсырақ медициналық-фармацевтикалық);
  • жұмыс тәжірибесі міндетті;
  • жоғары фармацевтикалық білімі, фармацевт-провизор мамандығы;
  • дәріханада (фармацевт/дәріхана меңгерушісі) немесе GPP бойынша уәкілетті/жауапты тұлға ретінде кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • тиісті дәріхана тәжірибесін реттейтін заңнаманы білу;
  • GPP сертификаты;
  • жақсы қарым-қатынас қасиеттері;
  • басқара білу, орындалуын бақылау;
  • құжаттама, іскерлік хат алмасу, іскерлік келіссөздер жүргізу дағдылары;
  • MS Office (Word, Excel, PowerPoint) бағдарламаларын білу;
  • аймақтарға GPP инспекциясы үшін іссапарларға баруға дайын болу.

Технолог-фармацевт

-

DOLCE ЖШС

Міндеттері:

  • технологтардың жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру;
  • бөлімнің үздіксіз және сапалы жұмысы үшін қажетті ресурстармен қамтамасыз ету;
  • өндіріс процестерінің материалдық шығындарының нормативтерін бақылау және есептеу;
  • өндірістің барлық өнімдеріне ҚҚ әзірлеу және енгізу; 
  • еңбек өнімділігін арттыруға, еңбек сыйымдылығын төмендетуге, материалдар шығынын қысқартуға бағытталған өндіріс тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды бақылау және жеке қатысу;
  • технологиялық процестерді жобалау әдістері мен жүйелерін әзірлеу;
  • бұйымдардың жаңа номенклатурасын әзірлеу және енгізу;
  • техникалық құжаттамаларды (СОПы, нұсқаулықтар, техникалық регламенттер) әзірлеу қабілеті.

Талаптар:

  • техникалық құжаттаманы (СОПы, нұсқаулықтар, техникалық регламенттер) әзірлей білу;
  • жоғары білім (фармацевтикалық);
  • өндірістік компанияларда технолог, химик технолог, бас технолог ретінде жұмыс тәжірибесі 2 жылдан астам болу;
  • жаңа өнімдерді нарыққа шығару тәжірибесі.

Дәрілік заттардың заманауи жоғары технологиялық өндірісін құру үшін фармацевтикалық өндірістік кешеннің бас технологы

 

-

Р-Фарм / R-Pharm Group АҚ

Міндеттері:

  • тиісті өндірістік практика қағидаларына және қоғамның сапасы жөніндегі басшылыққа сәйкес өндіріс және сапа технологиясы саласындағы қоғамның бірыңғай саясатын іске асыру;
  • тәжірибелік-өнеркәсіптік, іске қосу және өнеркәсіптік регламенттерді уақтылы әзірлеуді, қайта қарауды, есепке алуды бақылау;
  • өндірістік бөлімшелерді қажетті технологиялық құжаттамамен әзірлеу және қамтамасыз ету;
  • технологиялық процестерді түзетуге байланысты технологиялық құжаттамаға өзгерістер енгізу;
  • шикізат пен материалдар нормаларын, препараттар бойынша техникалық-экономикалық көрсеткіштерді әзірлеу және енгізу;
  • қолданыстағы технологиялық процестерді талдау;
  • жабдықтың өндірістік қуаты мен жүктемесін талдау;
  • мемлекеттік стандарттар мен GMP және ISO халықаралық стандарттарының талаптарын ескере отырып, технологиялық процестерге қатысты АР-дағы қоғам стандарттарын әзірлеуге және жетілдіруге қатысу;
  • технологиялық процестер мен тазарту процестерін валидациялауға қатысу;
  • өндіріске жаңа технологияларды енгізуге қатысу;
  • жекелеген технологиялық мәселелерді шешу бойынша кәсіпорын бөлімшелеріне кеңес беру.

Талаптар:

  • жоғары кәсіптік білім (химиялық, химика-технологиялық, фармацевтикалық, химика-фармацевтикалық, биотехнологиялық);
  • кәсіпорнының тиісті бсаласында инженерлік-техникалық және басшылық лауазымдарда мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл.

 

Осы ББ бойынша түлектерді болашақ жұмысқа орналастыру үшін кейбір негізгі жұмыс берушілер:

Аты

Қала

«Біріккен химиялық компания» ЖШС

Астана

«Нобел АФФ» АҚ

Алматы

«Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сараптау ұлттық орталығы»

Алматы

ТОО «Зерде-ФИТО» ЖШС

Шымкент

«DolcePharm» ЖШС

Алматы

«Холдинг Фитохимия» АҚ

Қарағанды

«Pharmprovide» ЖШС

Кызылорда

«ТұмарМед» ЖШС

Алматы

«ConsultAsia» ЖШС

Алматы

«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС

Алматы

«Эйкос-Фарм» ЖШС

Алматы

«Dolce» ЖШС

Алматы

«НҰР-МАЙ ФАРМАЦИЯ» ЖШС

Алматы

«VivaPharm ЖШС

Алматы

«Химфарм» АҚ

Шымкент

«KelunKazpharm» ЖШС

Алматы

DOSFARM ЖШС

Алматы

«Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС

Қарағанды

 

Магистранттардың академиялық ұтқырлығы (мобильділігі)

Білім беру бағдарламасы шеңберінде академиялық ұтқырлықты келесі ЖОО-серіктестері жүзеге асырады:

  • Н.Н. Ворожцова атындағы органикалық химия институты (Новосибирск қ., Ресей)
  • ҚХР Ғылым академиясының физика және химия техникалық институты (Цинзянь қ., Қытай)
  • Мемфис университетінің наноматериалдарды және инновацияларды дамыту институты (АҚШ)
  • Хаджеттепе университеті (Анкара, Түркия)
  • Росток университеті (Германия)
  • Потсдам университеті (Германия)
  • Рединг университеті (Ұлыбритания)
  • Кёнсан Ұлттық университеті (Оңтүстік Корея)
  • Мугла Сыткы Кочман университеті (Түркия)
  • Малайзия Сайнс университеті (Малайзия)
  • Шанхай дәрілік заттар институты, Қытай Ғылым академиясы (Қытай)
  • Малай университеті (Малайзия)
  • Миссисипи университеті, табиғи өнімдерді зерттеу ұлттық орталығы (АҚШ)
  • Карачи университетінің Халықаралық химия және биология ғылымдары орталығы (Пәкістан)
  • Қытай Ғылым академиясының Синьцзян техникалық физика-химиялық институты (Қытай)
  • Санкт-Петербург мемлекеттік химия-фармацевтикалық университеті (Ресей)
  • "Иннотекc" Фармхолдинг ЖШҚ (Калининград қ., Ресей,)
  • Қазан медициналық университеті (Ресей)
  • Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының акад. С.Ю. Юнусов атындағы Өсімдік заттарының химиясы институты (Ташкент қ., Өзбекстан Республикасы)
  • Ресей ғылым академиясының А. Н. Ениколопов атындағы синтетикалық полимерлі материалдар институтының полимерлерді радиациялық түрлендіру зертханасы (Мәскеу, Ресей)
  • Хоши университеті, фармацевтикалық ғылымдар факультеті (Токио қ., Жапония)
  • Анадолу университеті, фармация факультеті, фармакогнозия кафедрасы, (Эскишехир, Түркия)
  • Порту университеті, Абель Салазар биомедициналық ғылымдар институты (ISAAC), (Порту, Португалия)
  • Дәрілік заттарды әзірлеу бойынша Гриффит институты, Гриффит университеті, (Брисбен қ., Австралия)