7M07105 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы

Білім беру бағдарламасы

7M07105 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы

Білім саласы

7M07 - Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

Дайындық бағыты

7M071- Инженерия және инженерлік іс

Білім беру бағдарламаларының тобы

M097 - Химиялық инженерия және үрдістер

Мақсаты

Бағдарлама химия, металлургия, агрохимиялық салалар, өнеркәсіп өнімдерін өндіру саласында терең және іргелі білімі бар, бейорганикалық заттар мен материалдарды өндіру процестерін басқаратын, сондай-ақ заманауи білім беру әдістемелерін әзірлеуге және енгізуге қабілетті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған.

Оқыту тілі

Қазақ/орыс/ағылшын

Кредиттердің көлемі

120

Берілетін академиялық дәреже

«7M07105-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы » білім беру бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрі

Оқыту нәтижелері

Осы білім беру бағдарламасы аяқталғаннан кейін магистрлер:

  • тұрақты дамудың қазіргі заманғы қағидаттарын ескере отырып, бейорганикалық заттар мен материалдарды алу объектілері мен технологиялары туралы негізгі ғылыми-техникалық ақпаратты жүйелеу;
  • бейорганикалық заттардың химиялық технологиясындағы жаңа принциптерді, тәсілдерді, теорияларды, оның ішінде озық ағылшын тілді ғылыми әдебиет негізіндегі ғылыми таным әдіснамасы мен философиясына сәйкес оқытудың қазіргі заманғы әдістерін түсіндіру;
  • бейорганикалық материалдар мен олардан жасалған бұйымдарды өндірудің, өңдеудің қазіргі заманғы технологиялық процестерінің схемаларына талдауды жүзеге асыруға;
  • материалдар мен бұйымдарды, оларды өндіру, өңдеу және түрлендіру процестерін зерделеу кезінде кешенді зерттеулер мен сынақтар жүргізуге;
  • зерттеудің, талдаудың, диагностиканың және модельдеудің қазіргі заманғы әдістерін қолдана отырып, жаңа және бейтаныс контексте Қазақстан өнеркәсібінің басым бағыттары бойынша Бейорганикалық заттардың
  • химиялық технологиясының ғылыми және инженерлік проблемаларын шешу;
  • бейорганикалық технология процестерін бақылау әдістерін және бастапқы шикізат пен дайын өнімді талдау әдістемесін жетілдіру;
  • бейорганикалық заттар мен материалдарды алу және өңдеу технологиясының тиімділігін арттыру үшін процестер мен жабдықтардың параметрлерін оңтайландыру;
  • қазіргі заманғы білім беру технологиялары мен оқыту әдістемелерін, оның ішінде ағылшын тілінде қолдана отырып, жоғары білім беру ұйымдарында химиялық және химиялық-технологиялық пәндер бойынша оқу процесін іске асыруға міндетті;
  • өндіріске енгізу үшін химиялық технология теориясы мен практикасының жаңа жетістіктерін сыни бағалау;
  • экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәнмәтінінде технологиялық процестерді басқаруға міндетті;
  • әлемдік және қазақстандық өнеркәсіптің даму трендтеріне сәйкес минералдық шикізатты қайта өңдеу және бейорганикалық заттарды, материалдарды алу процестерінің жаңа технологияларын әзірлеу;
  • зерттеу және өндірістік процестерді жүзеге асыру мен ұйымдастыру кезінде кәсіби және көшбасшылық қасиеттер танытуға міндетті.

Аккредитация

ББ бағдарламасы халықаралық ASIIN агенствосының аккредитациясы бар.

Мамандандырылған аккредиттеу: Қазақстан инженерлік білім беру қауымдастығы KAZSEE

2019 жылғы 30 мамырдан 2024 жылғы 29 мамырға дейін HE-IA-00006 тіркеу нөмірі.

Осы білім беру бағдарламасында оқығаннан кейін сіз бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы саласындағы маман боласыз.

 

Сіздің мүмкін мамандықтарыңыз 

  • инженер-технолог;
  •  химиялық-технологиялық қондырғылардың операторы;  
  • аналитикалық жабдықтың операторы;  
  • өнімнің техникалық сапасын бақылау жөніндегі маман;  
  • ғылыми-зерттеу және әзірлеу жөніндегі маман;
  •  орта және жоғары оқу орындарының оқытушысы;
  •  кіші ғылыми қызметкер;  
  • ғылыми қызметкер;  
  • инженер-химик;
  • химиялық-технологиялық жабдықтарды сату жөніндегі менеджер.

Ұқсас дағдылары бар мамандарға арналған бос жұмыс орындарының мысалдары (hh.kz, knopka.kz, 2023 жылдың наурызы)

Бос орын

Жалақы

Ұйым атауы

Біліктілік пен талаптар

 Инженер-химик

 300 000 KZT бастап

Ядролық физика институты

Міндеттері:

  • радиофармацевтикалық препараттарды өндірудің барлық сатыларында технологиялық режимді бақылау;
  • өндiрiстiң барлық кезеңдерiнде радиофармацевтикалық препараттарды өндiрудiң технологиялық режимiнiң параметрлерiн жақсарту жөнiнде шаралар қабылдау;
  • жаңа жабдықты пайдалануға беруге, сондай-ақ радиофармацевтикалық препараттарды өндіру үшін пайдаланылған бұрын пайдалануға берілген жабдыққа қызмет көрсету;
  • жүргізіліп жатқан тәжірибелердің есебін жүргізу, қажетті есептеулер жүргізу, нәтижелерді талдау және қорытындылау, олар бойынша есептер мен жедел ақпаратты құрастыру.

Талаптар: 

  • жоғары техникалық білім; 
  • компьютерлік дағдылар;
  • техникалық ойлау;
  • үйренуге қабілеттілік жауапкершілік пен тәртіп;
  • дене еңбегіне дайындық;
  • іс-сапарларға дайын болу
Инженер-технолог  250 000 KZT бастап
"Сантехпром" ЖШС

Міндеттері: 

  • технологиялық процесті ұйымдастыру және қамтамасыз ету
  • өнім сапасын бақылау
  • материалдарды енгізуді бақылау

Талаптар: 

  • Жұмыс тәжірибесі 1 жыл
  • Техникалық және кәсіптік білім

Түлектердің болашақ жұмысқа орналасуы үшін негізгі жұмыс берушілер:

  • «AIM Lab» ЖШС
  • «Жетісу Химия» ЖШС
  • «Катко» ЖШС
  • «Henkel» ЖШС
  • Жану мәселелері институты
  • «Жалын» ЖШС
  • «Қазфосфат» ЖШС
  • «Волковгеология» АҚ
  • «ҚазТрансОйл» ҒТК» АҚ
  • әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Жаңа химиялық технологиялар мен материалдар ғылыми-зерттеу институты
  • Қазақстанның минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу ұлттық орталығы
  • Д.В.Сокольский атындағы Отын, катализ және электрохимия институты
  • «Фармтан» ЖШС (Павлодар қ.)
  • Физикалық-химиялық зерттеулер және талдау әдістері орталығы
  • «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ
  • «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ
  • «Қазмұнайгаз» АҚ
  • «ORGANIC» мұнай өнімдерін сараптау тәуелсіз орталығы» ЖШС
  • «Фудмастер» ЖШС
  • «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС
  • Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сараптау ұлттық орталығы

Осы білім беру бағдарламасы бойынша білім алған кейбір түлектерді жұмысқа орналасуы


 
«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» бағдарламасының түлектері Хаваза Т.Н. және Абдуахытов Д.А. қазір Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» докторлық бағдарламасы бойынша білімін жалғастыруда