7М07104 - Жарылғыш заттар мен пиротехниканың химиялық технологиясы

Білім беру бағдарламасы                                          

                     7M07104 Жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы                                   

 Білім саласы

 7M07 Инженерные, обрабатывающие и строительные отрасли

 Дайындық бағыты

 7M071 Инженерия және инженерлік іс

 Білім беру бағдарламаларының тобы

 M097 Химиялық инженерия және процесстер

 БББ мақсаты

 Энергия сыйымды материалдарды жасау және олардың технологияларын жетілдіру саласында теориялық және қолданбалы мәселелерді шешу үшін кәсіби құзыреттілікке ие магистрларды дайындау.
Бағдарлама келесі қабілеттерге ие кәсіптік тұлғаны қалыптастыруға бағытталған:- жану, детонация және жарылыс саласындағы ғылыми зерттеулерді дербес жүзеге асыру;- энергия сыйымды материалдарды әзірлеуде теориялық және тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін біріктіру;- жану, детонация және жарылыс саласындағы эксперименттерді жоспарлау және болжау үшін модельдеу үдерістерін қолдану;- пиротехникалық құрамдардың ерекшеліктерін термиялық, механикалық және электр энергиясының әлеуетті химиялық көздері ретінде қарастыру.

 Оқыту тілі

 орыс, қазақ

 Кредиттердің көлемі

 120

 Берілетін академиялық дәреже

 Магистр

 Оқытудың нәтижесі

 Энергияға қаныққан материалдардың оңтайлы құрамын есептеуді негіздеу үшін жану, жарылыс және детонация теориясы бойынша жүйелі білімдерін көрсету.

Жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдарды қолданылу салалары бойынша жіктеу.

Жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдар өндірісінің технологиялық мәселелерін зерттеу, талдау, диагностика және қасиеттерін модельдеу әдістерімен шешу.

Энергиясыйымды материалдарды дайындау, сақтау, тасымалдау қауіпсіздігі жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарын практикада қолдану және төтенше жағдайлардың туындау факторларын бағалау.

Энергиясыйымды материалдарды өндіру және қолдану кезінде олардың негізгі қасиеттерін: физика-химиялық тұрақтылық, қауіпсіздік, бризанттылық және т.б. сыни талдау және болжау.

Дайындау және сақтау барысындағы қауіптілікті бағалай отырып, белгілі бір сипаттамалары бар  энергиясыйымды материалдарды алу үшін ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жүргізуді жоспарлау.

Идеялар мен технологиялар нарығында табысты бәсекелестік үшін тәжірибелік-конструкторлық сызбанұсқаларды бағалау және түзету негізінде энергиясыйымды заттар мен материалдарды өндірудің дәстүрлі емес тәсілдерін әзірлеу.

Отандық және шетелдік басылымдарда баяндамалар мен жарияланымдар түрінде ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін қорытындылау және ұсыну.

Жану және жарылыс үдерістерінің физикалық-химиялық параметрлерін зерттеу үшін заманауи тиімді құрал-жабдықтарды таңдау, әдістемелерді біріктіру.

Жаңа материалдарды алу кезінде экологиялық міндеттерді шешу үшін жарылыстың инновациялық технологияларын бейбіт мақсатта қолдану.

Қорғаныс өнеркәсібі қызметінде және төтенше жағдайларда энергиясыйымды материалдарды өндіру, сақтау және пайдалану қауіптілігін ескере отырып, оларды сынақтан өткізу мен қолданудың әлеуметтік және экологиялық салдарын анықтау.

Жану және жарылыс үдерістері саласындағы ғылыми-кәсіби білімді білім беру үрдісінің тәжірибесіне біріктіру.

 Оқуға түсушілер үшін

 

  Академиялық қызмет

 

 Ғылыми қызмет

 

 Халықаралық қызмет

 

 Сапаны қамтамасыз ету (аккредиттеу, рейтинг, жұмыс берушілермен жұмыс)