Химия және химиялық технология факультеті

 

 

 

  

 

ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕРЛЕР!

 


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Химия және химиялық технология факультеті химиялық бағыттағы білім беру бағдарламаларының ұлттық рейтингісінде жетекші орынға ие болып отырған Қазақстанның жетекші ғылыми-білім беру орталықтарының бірі. Қазіргі уақытта факультетте 1500-ден астам студент 21 мамандық бойынша үш деңгейде білім алуда. Индустрия мен ғылым саласында біліктілігі жоғары мамандарды даярлау үшін, барлық білім беру бағдарламалары жыл сайын еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып жаңғыртылып отырады, сондай-ақ бұл бағдарламалар ASIIN халықаралық агенттігімен аккредитацияланған.

Факультет құрамында ғылыми-технологиялық көп салалы кластерлер моделі бойынша жұмыс атқаратын алты кафедра, үш Ғылыми зерттеу институты бар. Факультет ұжымында 50-ден астам ғылым докторлары, 100-ден астам ғылым кандидаттары мен PhD докторлары қызмет етеді. Оқу барысында студенттердің теориялық білімдерін практикамен ұштастыра отырып ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуына, өз қабілеттерін толықтай ашып, заман талабына сай құзыретті маман болып шығуына барлық жағдай жасалынған.

Құрметті мектеп бітіруші жас түлек! Жақында Сіз өміріңіздегі ең маңызды шешімдердің бірін қабылдайсыз, яғни өз қалаған мамандығыңыз бойынша білім алатын оқу орны мен факультетті таңдайсыз. Бұл – өте жауапты іс, өйткені мамандықты дұрыс таңдау – Сіздің одан әрі жалғасатын өмір жолыңыздың бағытын айқындайды. Егер Сіз ертеңгі күнге сенімді болғыңыз келсе, егер Сіз еңбек нарығында сұранысқа ие маман болғыңыз келсе, егер Сіз көп қырлы белсенді студенттік өмір туралы армандайтын бол- саңыз, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ химия және химиялық технология факультетіне оқуға түсіңіз.

 Біздің есігіміз сіздер үшін әрқашан ашық!