7M07101 - Мұнайхимия

 Білім беру бағдарламасы (БББ)

 7M07101 - Мұнайхимия    

Паспорт ОП Нефтехимия маг. каз.pdf                          

 Білім саласы

 7M07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

 Дайындық бағыты

 7M072 Өндірістік және өңдеу салалары

 Білім беру бағдарламаларының тобы

 M115 Мұнай инженериясы

 Оқыту тілі

қазақ, орыс

 Кредиттердің көлемі

 120

 Берілетін академиялық дәреже

 "0710 – Мұнайхимия" білім беру бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрі

Осы білім беру бағдарламасы бойынша оқығаннан кейін сіз мұнайхимия, мұнай өңдеу және көмірсутек шикізатын өңдеу технологиясы саласындағы маман боласыз.

Сіз келесі дағдыларды үйренесіз:
- гетерогенді және біртекті катализаторлардың құрылымын, сондай-ақ олардың қатысуымен болатын өзгерістердің механизмін зерттеу саласында мұнайхимия зерттеулерін жүргізу;
- энергия үнемдеу технологиясы бойынша технологиялық регламенттің талаптарына сәйкес берілген сападағы өнімді ала отырып, мұнай өңдеу жөніндегі қондырғыларды жобалау;
-мұнай, газ және көмір көмірсутектерін терең өңдеу процестерінің, сондай-ақ жанар-жағармай материалдары мен қоспалар өндірісінің заманауи технологияларын пайдалану кезінде тиісті аппаратуралық және технологиялық жабдықтарды қолдану;
- көмірсутек шикізатын кешенді өңдеудің және берілген пайдалану қасиеттері бар мұнай өнімдерін алудың оңтайлы схемаларын анықтау;
- көмірсутек шикізатын кешенді өңдеу процестерінің материалдық және жылу баланстарын жасау;
- мұнай, газ және көмір өңдеу процестерін жобалау және оңтайландыру бойынша инженерлік есептеулер жүргізу;
- мұнайхимия және газ өңдеу өндірістерінің экологиялық проблемаларының деңгейін бағалау және оларды шешудің тиімді жолдарын табу;
- зерттеудің осы кезеңіне қажетті әдістемелерді таңдауды қамтитын ғылыми зерттеудің мәселелері мен міндеттерін тұжырымдау.

 

Сіздің мүмкін мамандықтарыңыз: 

 
 - Инженер-технолог 

- Технологиялық қондырғылардың операторы 

- Аналитикалық жабдық операторы 

- Өнім сапасын техникалық бақылау жөніндегі маман 

- Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелер жөніндегі маман 

- Орта және жоғары білім беру оқытушысы 

- Химиялық және мұнайхимия жабдықтарын сату жөніндегі менеджер

 

Ұқсас дағдылары бар мамандардың бос жұмыс орындарының мысалдары (дереккөз: hh.kz, knopka.kz, ақпан 2023 ж.)

Бос орын Жалақы Ұйым Біліктілік міндеттер мен талаптар
Технологиялық қондырғылардың операторы
 250 мың теңгеден бастап "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc." ЖШС

Міндеттер:

- Технологиялық процесті технологиялық регламентке қатаң сәйкестікте жүргізу;

- Технологиялық режим нормаларын сақтау, бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштеріне, қызмет көрсетілетін жабдықтың жарамдылығына бақылау жүргізу;

- Жабдықтардың, аспаптардың, электр құрылғылары мен желілердің, арматураның, коммуникациялар мен қоршаулардың ақауларын анықтау.

Талаптар:

- Қауіпсіздік техникасын білу;

- Мемлекеттік тілді білу;

- Жұмыс өтілі 1-3 жыл;

- Арнайы орта білім.

Инженер-химик  қолға 280 мың теңгеден бастап "АЛЬФА-ЛАБ" ЖШС

Міндеттер:

- Сынақтар үшін хаттамаларды дайындау;
- Өткізілетін сынақтардың сапасына ішкі бақылау жүргізу;
- Қызметкерлерді оқыту, ережелердің сақталуын бақылау;

- Лаборанттардың жұмысын қадағалау;

- Атомдық абсорбция әдісімен талдау.

Талаптар:

- Қауіпсіздік техникасын міндетті түрде білу;
- Химиялық ерітінділерді білу;
- Жоғары білім;
- Жауапкершілік;
- Үлкен көлемдегі жұмысты орындауға дайындық.
    
Осы БББ бойынша түлектерді болашақ жұмысқа орналастыру үшін негізгі жұмыс берушілер:

Аты Қала
"Теңізшевройл" ЖШС
Атырау
"Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк." ЖШС Атырау
"Атырауский нефтеперерабатывающий завод" ЖШС
Атырау
"Павлодарский нефтехимический завод" ЖШС Павлодар
"Шымкентский нефтеперерабатывающий завод" ЖШС Шымкент
"Норт Каспиан Оперейтинг Компани (НКОК)" Атырау
"LUKOIL Lubricants Central Asia" ЖШС Алматы
"Sary-Arka Copper Processing" ЖШС Карағанды
"Ойлсерт Интернешнл" ЖШС Алматы
"Карачаганак Петролеум Оперейтинг Б.В." Ақсай
"Институт зеленых химических технологий" ЖШС Алматы
"Epsilon group" ЖШС Ақтөбе
"Каспиан ойл" АҚ Атырау
"Орал Мунай" ЖШС Орал

"Мұнайхимия" мамандығы бойынша бірлескен білім беру бағдарламасы бойынша білім алған студенттер

Аты-жөні
Мамандық Университет
1 Қанатқызы Ақерке
7M07101 - Мұнайхимия Клод Бернар атындағы Лион 1 университеті, Лион қ., Франция
2 Курманситова Анаргуль
7M07101 - Мұнайхимия Клод Бернар атындағы Лион 1 университеті, Лион қ., Франция
3 Есенжанова Нурсауле 7M07101 - Мұнайхимия Клод Бернар атындағы Лион 1 университеті, Лион қ., Франция
4 Серикканов Аслан 7M07101 - Мұнайхимия Клод Бернар атындағы Лион 1 университеті, Лион қ., Франция
5 Мукатай Сержан 7M07101 - Мұнайхимия Қытай мұнай университеті, Бейжің қ., Қытай
 

 Есенжанова Н., Серикканов А. және Қурманситова А. Клод Бернар атындағы Лион 1 университетінде, Лион қ., Франция

Есенжанова Н., Серикканов А. және Қурманситова А. Клод Бернар атындағы Лион 1 университетінде оқу барысында, Лион қ., Франция
"Абай – Верн" стипендиялық бағдарламасы бойынша 2018 – 2019 оқу жылында (ІІ – жартыжылдық) қос дипломдық білім бағдарламасымен химия және химиялық технология факультетінің «Мұнай-газ ісі» мамандығының магистранты Қайрошев Данабек Серікұлы Францияның Лотарингия университетінің "Reservoir Engineering" мамандығы бойынша білім алды. Institut Élie Сartande Lorraine (IECL) оқу орнында магистрлік диссертация негізінде тағылымдамадан өтті. Қайрошев Данабек қос дипломды бағдарлама бойынша оқуын сәтті аяқтап, біздің университеттің дипломына және Лотарингия университетінің дипломына ие болды. 
 Қайрошев Данабек Лотарингия Университетінде оқу барысында, Нанси қ., Франция Лотарингия университетінің Қайрошев Д.С. - на магистр дәрежесін беру туралы дипломы, 2020 жыл 
Осы білім беру бағдарламасы бойынша оқыған кейбір түлектерді жұмысқа орналастыру:

Кафедраның "Мұнайхимия" мамандығының түлектері Ауғанбек Бауыржан және Алматқызы Перизат ірі мұнай компанияларының бірі – "LUKOIL" компаниясының еншілес компаниясында "Lukoil Lubricants Central Asia" ЖШС-де жұмыс істейді. Олардың жалақысы 300-350 мың теңгені құрайды. 

Кафедраның "Мұнайхимия" мамандығының түлегі Қайрошев Данабек қазіргі таңда "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc." ЖШС-де технологиялық қондырғылардың операторы болып қызмет атқарады.  

Кафедраның "Мұнайхимия" мамандығының түлегі Саметов Нұржан Қазақстандағы ең ірі мұнай өндіруші кәсіпорын – "Теңізшевройл" ЖШС-де технологиялық қондырғылардың операторы болып жұмыс істейді. 

Рүстем Алия "Мұнайхимия" мамандығында оқуын аяқтап, қазіргі уақытта "Sary-Arka Copper Processing" ЖШС тау-кен металлургия компаниясында сапа инженері болып жұмыс істейді. 

Кафедра түлегі Досатов Тілеген қазіргі таңда «Epsilon group» ЖШС-де химиялық реагенттердің кең ассортиментін шығаратын цехта химик-технолог болып жұмыс істейді. 

Ауғанбек Бауржан мен Алматқызы Перизат "LUKOIL Lubricants Central Asia" ЖШС жұмыс орнында

Қайрошев Данабек "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc." ЖШС - де жұмыс орнында



Саметов Нуржан "Тенгизшевройл" ЖШС жұмыс орнында Рустем Алия "Sary-Arka Copper Processing" ЖШС жұмыс орнында
 

Досатов Тилеген "Epsilon group" ЖШС жұмыс орнында