7M07103 - Химиялық инженерия

Білім беру бағдарламасының атауы

7M07103 - Химиялық инженерия

Білім беру саласы

7М07 – Машина жасау, өңдеу өнеркәсібі және құрылыс салалары

Оқыту бағыты

7M071 – Инженерия және инженерлік іс

Білім беру бағдарламаларының тобы

 M097 - Химиялық инженерия және үрдістер

Оқыту тілі

Қазақ/орыс/ағылшын

Кредиттер көлемі

120

Берілетін академиялық дәреже

 «7M07103 – Химиялық инженерия» білім беру бағдарламасы бойынша техникалық ғылымдар магистрі

Осы білім беру бағдарламасында оқығаннан кейін сіз химия инженериясы саласындағы маман боласыз.

Сіз үйренесіз: 

  • қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, химия өнеркәсібі саласындағы халықаралық стандарттар мен ережелерді пайдалана отырып, өндірістік процестердің негізгі химиялық және технологиялық параметрлерін талдау және есептеу, әдістер мен технологияларды негізделген таңдау;  
  • ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін пайдалана отырып, Қазақстан өнеркәсібінің басым бағыттарында химиялық инженерия мәселелерін шешу;
  • химиялық инженерия процестерін бақылау, алынған заттар мен материалдардың сапасын басқару, ақаулардың себептерін анықтау және оларды жою; 
  • шикізат пен өнімдерді талдау, материалдарды диагностикалау әдістерін жетілдіру;
  • орта және жоғары білім беру ұйымдарында химиялық және технологиялық пәндер бойынша оқу процесін қазіргі заманғы білім беру технологиялары мен оқыту әдістерін пайдалана отырып жүзеге асыру, соның ішінде ағылшын тілінде;
  • құқықтық және экологиялық сипаттағы нормативтік құжаттарды ескере отырып, жаңа заттар мен материалдарды алу процестерінің ғылыми-техникалық және конструкторлық құжаттамаларын әзірлеу;
  • бәсекеге қабілетті өнім алу, оны өндіруге арналған материалдық және еңбек шығындарын азайту, соған байланысты экологиялық тәуекелдерді азайту мақсатында технологиялық процестерді басқару;
  • әлемдік және қазақстандық өнеркәсіптің даму тенденцияларына сәйкес Қазақстан өнеркәсібінің инновациялық және басым бағыттарында минералды шикізатты өңдеудің және жаңа заттар, материалдар алудың жаңа әдістері мен технологияларын әзірлеу;
  • білім беру саласындағы, химия өнеркәсібі кәсіпорындарындағы және ілеспе салалардағы персоналдың, арнайы бөлімшелердің жұмысын басқару.

Сіздің мүмкін мамандықтарыңыз 

  • инженер-технолог;
  • химиялық-технологиялық қондырғылардың операторы;
  • аналитикалық жабдықтың операторы; 
  • өнімнің техникалық сапасын бақылау жөніндегі маман;
  • ғылыми-зерттеу және әзірлеу жөніндегі маман;
  • орта және жоғары оқу орындарының оқытушысы;
  • кіші ғылыми қызметкер; 
  • ғылыми қызметкер;
  • инженер-химик;
  • химиялық-технологиялық жабдықтарды сату жөніндегі менеджер.

Ұқсас дағдылары бар мамандарға арналған бос жұмыс орындарының мысалдары (hh.kz, knopka.kz, 2023 жылдың наурызы)

Бос орын

Жалақы

Ұйым атауы

Біліктілік пен талаптар

 Инженер-химик

 300 000 KZT бастап

Ядролық физика институты

Міндеттері:

  • радиофармацевтикалық препараттарды өндірудің барлық сатыларында технологиялық режимді бақылау;
  • өндiрiстiң барлық кезеңдерiнде радиофармацевтикалық препараттарды өндiрудiң технологиялық режимiнiң параметрлерiн жақсарту жөнiнде шаралар қабылдау;
  • жаңа жабдықты пайдалануға беруге, сондай-ақ радиофармацевтикалық препараттарды өндіру үшін пайдаланылған бұрын пайдалануға берілген жабдыққа қызмет көрсету;
  • жүргізіліп жатқан тәжірибелердің есебін жүргізу, қажетті есептеулер жүргізу, нәтижелерді талдау және қорытындылау, олар бойынша есептер мен жедел ақпаратты құрастыру.

Талаптар: 

  • жоғары техникалық білім; 
  • компьютерлік дағдылар;
  • техникалық ойлау;
  • үйренуге қабілеттілік жауапкершілік пен тәртіп;
  • дене еңбегіне дайындық;
  • іс-сапарларға дайын болу

Тұрмыстық химия және дезинфекциялау құралдарының химик-технологы

 350 000 KZT бастап

 Nazar trade ЖШС

Міндеттері: 

  • технологиялық процестердің сақталуын бақылау;
  • өндірістегі технологиялық шикізат пен материалдардың (ыдыстардың, жапсырмалардың) нормаларын есептеу;
  • дайын өнімнің физика-химиялық көрсеткіштерін бақылау (дезинфекциялау және тұрмыстық химия);
  • үлгілерді әзірлеу, өнімді сынау;
  • кәсіпорындағы өндірістік процестерді оңтайландыруға белсенді қатысу;
  • өндірістік қуаттылық пен жабдықтың жүктелуін есептеу;
  • шикізатты есепке алу, шикізатты іздеу және сатып алу

Талаптар: 

  • жоғары білім – химиялық;
  • дайын өнімге қойылатын техникалық талаптарды білу;
  • 1С білімі: Өндіріс;
  • тұрмыстық химия және дезинфекциялау құралдары саласында технолог ретінде жұмыс тәжірибесі қажет
Инженер-технолог  250 000 KZT бастап
"Сантехпром" ЖШС

Міндеттері: 

  • технологиялық процесті ұйымдастыру және қамтамасыз ету
  • өнім сапасын бақылау
  • материалдарды енгізуді бақылау

Талаптар: 

  • Жұмыс тәжірибесі 1 жыл
  • Техникалық және кәсіптік білім

Түлектердің болашақ жұмысқа орналасуы үшін негізгі жұмыс берушілер:

  • «AIM Lab» ЖШС
  • «Жетісу Химия» ЖШС
  • «Катко» ЖШС
  • «Henkel» ЖШС
  • Жану мәселелері институты
  • «Жалын» ЖШС
  • «Қазфосфат» ЖШС
  • «Волковгеология» АҚ
  • «ҚазТрансОйл» ҒТК» АҚ
  • әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Жаңа химиялық технологиялар мен материалдар ғылыми-зерттеу институты
  • Қазақстанның минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу ұлттық орталығы
  • Д.В.Сокольский атындағы Отын, катализ және электрохимия институты
  • «Фармтан» ЖШС (Павлодар қ.)
  • Физикалық-химиялық зерттеулер және талдау әдістері орталығы
  • «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ
  • «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ
  • «Қазмұнайгаз» АҚ
  • «ORGANIC» мұнай өнімдерін сараптау тәуелсіз орталығы» ЖШС
  • «Фудмастер» ЖШС
  • «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС
  • Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сараптау ұлттық орталығы

Осы білім беру бағдарламасы бойынша білім алған кейбір түлектерді жұмысқа орналасуы:

 
«Химиялық инженерия» бағдарламасының түлегі Жұмаділдинова Алуа Сент-Этьен Жоғары ұлттық тау-кен мектебінде (Сент-Этьен, Франция) тағылымдамадан өтті. Қазіргі таңда Әл-Фараби ҚазҰУ-нің «Химиялық инженерия» бағдарламасының докторанты
«Химиялық инженерия» бағдарламасының түлегі Назарова Азада Түркияның Нииде қаласында Нииде Омер Халисдемир университетінің химия факультетінде тағылымдамадан өткен. Қазіргі таңда «Обис» ЖШС технологы
 
«Химиялық инженерия» бағдарламасының түлегі Әлия Сәрсенбаева Түркияда, Анкарада, Гази университетінің химиялық инженерия факультетінде тағылымдамадан өтті. Қазіргі таңда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Химиялық инженерия» бағдарламасының докторанты  «Химиялық инженерия» бағдарламасының түлегі Қауыпбай Олжас Түркияның Эскишехир технологиялық университетінде тағылымдамадан өткен. Қазіргі уақытта – «Химиялық инженерия» бағдарламасы бойынша докторант